19 Наурыз, 2025
167
ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті
2025 жылғы 19 наурызда Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Анастасия Щегорцова, ҚР МАМ этносаралық қатынастар мониторингі басқармасының басшысы Сәрсенбеков Нажен, ҚХА ҒСК Жас ғалымдар клубының тең төрағалары Олжас Бейсенбаев пен Эльмира Отар, ҚХА өңірлік ғылыми-сарапшылық топтары және ҚХА ҒСК Жас ғалымдар клубының мүшелері қатысты.
Жас ғалымдар клубының өкілдері Олжас Бейсенбаев пен Эльмира Отар «ҚХА ҒСК ЖҒК-ның құрылу барысы, 2025 жылға арналған жұмысы және іске асыру жоспарлары туралы» тақырыбында сөз сөйледі.
Өз кезегінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының библиография секторының жетекшісі Арай Қадылбек Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында әзірленген «Қазақстан халқы Ассамблеясы» электронды библиографиялық көрсеткішін таныстырды.
Отырыс қорытындысы бойынша Жас ғалымдар клубының бастамаларын қолдау және этносаралық келісім мен бірлік мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді одан әрі жүйелеу туралы шешім қабылданды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы