Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Қазан, 2016

1115

Ғылыми сараптау тобының семинары

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптау тобы (СҚО ҚХА ҒСТ) «Студенттердің, магистранттардың ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің зерттеулеріндегі этносаралық бірлік пен келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбына аймақтық ғылыми семинар өткізді.

ҒСТ мүшелерімен және басшысы, доцент, заң ғылымдарының докторы Гүлбахша Мұсабаева ұйымдастырған семинар этносаралық бірлік пен келісімнің қазақстандық үлгісін студенттердің, магистранттардың, өңіріміздегі оқу мекемелері ғалымдарының медиация, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заманауи ұлт саясаты, Қазақстан халқы ассамблеясының тарихы т.б. мәселелерді зерттеуге қызығушылығын арттыру арқылы насихаттауға бағытталған болатын.Сонымен қатар, аймақтағы ҒСТ қызметінің танымалдылығының маңыызы аталды.

Іс-шараға ҒСТ мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің басшылары, Петропавл экономикалық колледжініңстуденттері мен оқытушылар және М.Қозыбаев атындағы СҚМУмагистранттары белсене қатысты.

Семинар жұмысын Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов  «Ғылыми-сараптамалық кеңес Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдық бөлімшесі ретінде» тақырыбындағы баяндамамен ашты.М.Қозыбаев ат. СҚМУ ҒСТ ынтымақтастық етуі туралы ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор лаура Қаиржанова  мәлімдеді. ҒСТ қызметіне қатысу жөнінде курд этнос орталығының жетекшісі Рашид Надиров баяндама жасады.

Семинардың ғылыми бөлігі ғалымдардың, студенттер мен магистранттардың жұмысына арналды. «Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырушылығы мен қызметінің құқықтық негіздері» баяндамасында Гулбахша Мұсабаева, Ассамблеяның нормативтік құқықтық база негізінде мықты тұғыры бар екендігіне тоқталды. Аталған институттуың дамуына 20-дан астам нормативтік құқықтық актілер ықпалын тигізеді. ҚР «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңы және ҚР «Медиация туралы» Заңына ден қойылды.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих, экономика және құқық факультетінің магистранты Темірлан Салықов өзінің «Магистрлік диссертация шеңберінде медиация проблемаларын зерттеу» тақырыбындағы баяндамасында аталған зерттеу тақырыбының өзектілігін атап көрсетті, СҚО ҚХА Медиация орталығымен ынтымақтастық жасау жоспары жайында және СҚО ҚХА медиаторларының қатысуымен өткізілген «Қылмыстық үдерістегі медиация» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысудан алған алғашқы әсерін әңгімеледі.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих, экономика және құқық факультетінің магистранты  Ринат Ирикбаев «Магистрлік диссертациясы шеңберінде адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелерін зерттеу»  тақырыбындағы баяндамасында халықаралық және ұлттық заңнамалар негізінде этностардың құқықтары туралы мәселені қорғады. Ол Қазақстанның ұлттық саясатында «диаспора» және «ұлттық азшылық» деген ұғымдардың жоқ екендігіне назар аударып, ҚР «Тілдер туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жасады, атап айтсақ, 1-баптағы  «диаспора» ұғымын алып тастау.

Магистрант  А.Макенов «МҒҚ (магистранттар ғылыми қоғамы) құрылуы және қызметінің жоспары» баяндамасы аса қызығушылық тудырды. Ол СҚО ҚХА ҒСТ және тарих, экономика және құқық факультеті бірлесіп магистранттар ғылыми қоғамы (МҒҚ) құрылғаны және жұмыс істейтіндігін айтты. Мұнда негізінен СҚО ҚХА ҒСТ үш ғылыми бағыт шеңберіндегі тақырыптар зерттеледі, атап айтқанда: Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырушылығы мен қызметінің құқықтық негіздері, депортация (жер аудару): тарихи және халықаралық аспект және де медиация менадам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау.

Семинарға қатысушыларды өзінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР егемендігі жағдайында» атты ғылыми жобасының мазмұнымен колледждің 218-тобының студенті техник-бағдарламашы мамандығына оқитын Никита Бондаренко таныстырды.

Семинардың қорытынды бөлігінде өңіріміздің ерекшеліктері ескеріліп этносаралық бірлік пен келісім мәселелерін зерттеуге ғылыми қызығушылықты арттыруға бағытталған жәнеосындай ғылыми семинарларды колледждер, мектептер, университеттердің бейбітшілік пен келісім орталықтарында өткізуге қарар қабылданды.

Осы бағытта ынтымақтастық ету тілегімен Наиль Салимов ҚХА 20 жылдығына шығарылған ҚХА туралы кітапты табыс етті.

Семинар қызықты және мазмұнды өтті.Семинардың модераторы, ҚХА ҒСТ жетекшісі Гулбахша Мұсабаева ҒСТ мүшелері аймақтағы оқу мекелерімен қызметтестік етудің жолға қойғанын атап көрсетті. Қазіргі кезде ҒСТ қызметін танымал ету мақсатында бірқатар іс-шараларөткізілді және оның ең негізгісі 2016 жылғы 25 қарашадаегемендіктің 25 жылына арналған аймақтық ғылымии конференцияға даярлық болып табылады.

Гүлбахша Мұсабаева

«Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығының төрайымы

Кейін қарай