04 Желтоқсан, 2017
807
Ғылыми зерттеулерді үйлестірудегі өңірлік ассамблеяның ғылыми-сараптамалық топтың жұмысы
2017 жылдың 29 қарашасы сағат 15.00-де М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Әулие ата» залы залында «Ғылыми зерттеулерді үйлестірудегі өңірлік ассамблеяның ғылыми-сараптамалық топтың жұмысы» тақырыбындағы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті.
Ғылыми-сараптамалық топ отырысы Жамбыл облысындағы этносаралық жағдайды зерделеуде 2017 жылғы әлеуметтік зерттеу нәтижелерін қорытындылау және келесі жылы атқарылатын жұмыс жоспарын талқылау мақсатында өткізілді.
Отырыс жұмысына Жамбыл облыстық ассамблеясы ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері, ғалымдар, ғылыми және білім беру мекемелерінің оқытушылары мен жас ғалымдар қатысты.
Күн тәртібінде 2017 жылғы әлеуметтік зерттеудің қорытындысы, Рухани жаңғыру–ұлттық идеяның өзегі мәселелері қарастырылды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қойылған міндеттерді жүзеге асырудағы кіші жобаларды іске асыруда ғылыми-философиялық пікірлер ескерілді.
Отырыс қатысушыларына Ғылыми-сараптамалық топтың мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Сейтқұлова Жанна Мамбетқызының авторлығымен әзірленген «Жамбыл облысындағы этностар мен этникалық топтар тарихы» кітабының жобасы таныстырылды. Жұмысқа этномәдени бірлестік және ғылыми-сараптамлық топ мүшелері мен төрағалары толықтырулар енгізді.
Отырыс соңында ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға және қоғамның руғани дамуына қосқан үлесі үшін ғылыми-сараптамалық топ мүшелеріне алғыс хат табысталды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
Дата события ассамблеи: 04.12.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
Қарағанды медициналық университетінде алғашқы Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті
-
ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті
-
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
14 Шілде, 16:11
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
14 Шілде, 15:03
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
сегодня, 13:01
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті