10 Ақпан, 2016
1086
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
2016 жылғы 9 ақпанда Ұлттық академиялық кітапхананың Қазақстан халқы Ассамблеясы залында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов пен Әзербайжанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Маммадов Рашад Эйнаддин оглымен кездесуі болып өтті.
Кездесу барысында Әзербайжан елшісі оның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елші шеніндегі алғашқы кездесуі болып табылатын осы кездесу үшін ризашылығын білдірді. Дипломатиялық өкілдіктің басшысы түркілік ортақ тамырларымызды, екі елдің арасындағы достық жылы қарым-қатынастарды атап айтты.
Дипломат әзербайжандықтардың Қазақстанда тыныш та бақуатты өмір сүріп жатқаны үшін бүкіл Қазақстан халқына және оның Елбасына алғыс айтты. Ол елдегі әзербайжан этносының өкілдері – олар бауырлас Қазақстандағы татулық пен келісімді нығайтуды толығымен қолдайтын және соған үлес қосатын Қазақстанның азаматтары екенін атап көрсетті.
Өз кезегінде Ералы Тоғжанов Әзербайжан өкілдерін Ассамблея қызметімен, оның негізгі тетіктерімен және құрылымдарымен таныстырып, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы ҚХА-ның түйінді институт ретіндегі рөлін атап көрсетті. Ассамблеяның ауқымды халықаралық қызметін және әлемдік қауымдастық тарапынан зор қызығушылықты айта келе Тоғжанов Е.Л. қазақстандық тараптың ҚХА қызметі және бейбітшілік пен келісім моделі туралы әзербайжандық тарапқа таныстырылым жасауға әзір екендіктерін айтты.
Әзербайжан өкілдері Н.Назарбаевтың қазақстандық бейбітшілік пен қоғамдық келісім моделіне ерекше қызығушылық танытып, оны Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің тиімді құралы ретінде бағалады.
Өз кезегінде, Әзербайжанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Маммадов Рашад Эйнаддин оглы Қазақстан халқы Ассамблеясымен ынтымақтастықты нығайтып, дамытуға сенім бідіріп, қазақстандық бейбітшілік пен қоғамдық келісім моделін Әзербайжанда таныстыруға және тәжірибе алмасуға шақырды.
Кездесу барысында екі тарап өзара іс-қимыл және одан арғы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар Қазақстан мен Әзербайжанның бейбітшілік пен толеранттылық идеясын жүргізушілер екенін атап көрстті
Елшілік биылғы жылы наурыз айында өткізілетін ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың кезектен тыс өткізілетін сайлауын толықтай қолдайтындарын білдірді.
«Бауырлас және достас елде жұмыс істеу ерекше қуанышты жай» деп атап көрсетті Елші.
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
-
Жаңа 2025 жыл құтты болсын!
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
-
Жаңа оқу жылы қарсаңында Жетісу облысында ҚХА өкілдері «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды
-
350 ОҚУШЫ ҚХА-НЫҢ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ЖИЫНТЫҚТАР МЕН НОУТБУКТЕР АЛАДЫ
-
Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізеді