29 Қазан, 2015
1534
«Ынтымағы жарасқан туған өлкем»
Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы, «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 29 қазанында «Өрлеу» педагогикалық қызметшілердің біліктілігін арттыру институтының мәжіліс залында «Ынтымағы жарасқан туған өлкем» атты облыстық байқау болып өтті.

Байқау Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» жобасы аясында өткізілуде. Байқауға Қызылорда қаласы мен аудандардан іріктеу турларынан өткен этникалық топтардың 14-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысты. Байқау екі тапсырмадан тұрды, Қазақстан халқының бірлігіне арналған эссе жазу және Қазақстан халқының бірлігіне арналған өлеңді мәнерлеп оқу.
Байқаудың басты мақсаты этностық топтардың мектеп оқушыларына мемлекеттік тілді меңгеру, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін бойына сіңіру, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту факторы ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.
Конкурс нәтижесі бойынша бірінші орынды Жаңақорған ауданының №169 мектебінің оқушысы Жанат Шакирова, екінші орынды Сырдария ауданының №36 мектебінің оқушысы Мария Лаврова және үшінші орынды Жаңақорған ауданының №53 мектебінің оқушысы Алина Бақтиярова иемденді. Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қарағандыда жаңа туған нәрестелерге домбыра сыйлады
-
ҚХА Аналар кеңесі жаңа туған нәрестеге домбыра сыйлады
-
Ақмолада «Еңбек пен бірлік жарасқан өңір» бірегей жобасы бастау алды
-
Ақтауда қазақ әдебиетінің шын жанашыры Герольд Бельгердің 85 жылдығы аталып өтті
-
Ақтаудың оқушылары Фариза Оңғарсынованың ұстазымен кездесті
-
Ақындар өлеңін оқыды
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті