Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Ақпан, 2017

816

Қырғыз этномәдени бірлестігі Елбасы Жолдауын талқылады

2017 жылғы 19 ақпанда «Қырғызстан-Астана» қырғыз этномәдени бірлестігі мүшелерінің жалпы жиыны өтті.

Қырғыз этномәдени орталығы ұйымдастырған іс-шара барысында Елбасының билік тармақтарын бөлу бойынша үндеуі, сондай-ақ «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы талқыланды.

Осы күні Ұлт көшбасшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қолдауға, өзіндік пікірін білдіруге қырғыз этномәдени бірлестігінің мүшелері, «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері келді. Дөңгелек үстелге қатысушылар Президент Жолдауындағы біздің еліміздегі этностардың рөлі туралы мәселені де талқылады.

Жиын барысында «Қырғызстан-Астана» этномәдени орталығының төрағасы Шавкат Исмаилов өз пікірін білдірді: «Менің ойымша, Қазақстанның сыртқы саясатта ұстанған бағыты толайым табысқа жетелеп келеді. Бұл ретте еліміз 1 қаңтардан бастап БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өз жұмысына кірісіп кетті. Президенттің сыртқы саясаттың мәселесіне, соның ішінде аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке ерекше назар аударатыны көңіл қуантады. Өкілеттілікті Үкіметке табыстау мен басқа да бірқатар сұрақтарға қатысты іс жергілікті жерде өз шешімін табады деп ойлаймын. Осыған байланысты азаматтардың салмақты сұрақтарына қатысты мәселені жергілікті биліктің тиісті дережеде орындайтынына кәміл сенеміз». 

Кейін қарай