04 Қыркүйек, 2019
1792
Юсуп Келигов: «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы елдің ата қазығы ауылда екенін тағы бір еске салады
Қазақстан Халықтары Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығы» ҚБ мүшесі Юсуп Келигов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында маңыздылығына мән артылған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалық жобасының ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға тигізер септігі көп деді:
«Қазақстан халқы Ассамблеясы халықпен диалог жүргізетін үлкен қоғамдық алаңға айнала алады. Бүгінгі күн - бейбітшілікті, бірлікті, дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды сақтаудың, дамытудың анық бағасын берді. Соның арқасында біз әлемде теңдесі жоқ мемлекет құрдық. Мемлекет басшысы келесі үш жылда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалық жобасының жүзеге асырылатынын айтты. Бұл ауылдардың қайта түлеуіне жол ашады, елдің ата қазығы ауылда екенін еске түсіртеді деп сенеміз. Бағдарламаның жүзеге асырылуына жанашырлықпен қарауымыз керек.
Әсіресе, Президент Қазақстан жерінің шетелдік мемлекеттерге сатылмайтындығы туралы мәлімдемесі арқылы халықтың негізгі сауалына жауап берді деп ойлаймын. Қазақ халқы ұлт пен дінге, тіл мен ділге бөлінбейтінін дәлелдеді. Біз сын сағаттарда бірге болдық және алдағы уақытта да тұтастығымыздан ажыратпасын деп тілейміз», - деп атап өтті Ю. Келигов ҚР Ұлттық академиялық кітапханада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысында.
Әсем Жұмабекова
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы