Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қаңтар, 2021

765

Қызылордада Президент мақаласын талқылау мақсатында кездесу ұйымдастырылды

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын талқылау мақсатында Достық үйінің мәжіліс залында кездесу болып өтті.

Оған «Қоғамдық келісім» КММ директоры, қалалық мәслихат депутаты Бауыржан Мастеков, мекеме директорының орынбасары Мартана Дәулетбаева, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова, облыстық ҚХА құрылымдарының жетекшілері, этномәдени бірлестіктің өкілдері, облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, Аналар кеңесінің белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.


Шара модераторы облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Рахима Ахметова Президент мақаласы нағыз уақыт рухын сезіндіргендігін, бүгінгі күні әрқайсымызды толғандырған мәселелерін алдымызға алып шыққандығын айта отырып, алғы сөзді «Қоғамдық келісім» КММ директоры, қалалық мәслихат депутаты Бауыржан Мастековке берді.

Мекеме директоры Б.Мастеков:

- Бүгінгі басқосуымыз еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың алтын арқауына айналған Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында өткізілуде. Тәуелсіздік - тарих тоғыстырған, тағдыр табыстырған барша ұлт пен ұлыстың берік тұтастығы, Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі. Келелі кездесудің мақсаты «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген Мемлекет басшысының мазмұнды мақаласындағы​ өзекті мәселелерді талқылау. Президентіміз мақаласында атап өткендей: «Үшінші онжылдықта шаңырағымыз биіктеп, өсіп-өркендеп, мерейлі мемлекетке айналдық. Шекара мәселесін біржола шештік. «Қазақстан – 2050» стратегиясын қабылдап, озық дамыған отыз елдің қатарына қосылуды межеледік». Екпінді дамуға бет алған Егемен еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін еңсерілуі тиіс биіктер әлі де алда. Сол асқақ армандардың арайлы таңы атсын десек, бүгінгі бірлік пен берекенің діңгегін берік еткеніміз маңызды деп өз ойын нақтылай түскен. Олай болса, игі мақсаттар жолындағы әрбір бастамаларымыз оңынан болсын»,-деді.

Шараның шымылдығы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсендісі Никита Мясцовтың орындауында патриоттық «Атамекен» әнімен ашылды.

«Мақаладағы рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері» жөнінде облыстық мәслихат депутаты Сәрсенкүл Бихожа айтып өтті. Рухани жаңғыру, білім, ғылымға маңыз беру – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын күш. Бұл тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені рухани байлықтың кемел болғаны туған еліміз үшін өте маңызды үдеріс екендігін ескере кетті.


«Единство и согласие - общенациональные ценности» тақырыбында облыстық «Славяне» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова және «Білім мен технологияны дамыту – заман талабы» жайында қалалық мәслихат депутаты Айгүл Мусабаева тұщымды ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, қатысушылар тіл және жастар саясаты, патриотизм тақырыбына тоқталып, пікірлерін ортаға салды.

Кейін қарай