12 Наурыз, 2020
1434
Қызылорда: Балалар ауылының тәрбиеленушілері спорттық эстафетаға қатысты
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Атамекен» балалар ауылында «NEXT ЧЕМПИОНМЫН» спорттық шарасы өтті.
Оған облыстық ҚХА мүшелері, облыстық ҚХА жанындағы волонтерлер орталығының мүшелері, «Tarbie» спорттық волонтерлік бағытының өкілдері, «Қайсар» клубының ойыншылары, спортшылар, жаттықтырушылар қатысты.
Әлеуметтік осал топ балаларын спортқа баулу мақсатында өткен шарада «Қайсар» футбол клубының ойыншылары Елдос Ахметов, Думан Нәрзілдаев сайысқа қатысушылармен кездесіп, оларға сәттілік тілеп, қолтаңбалары қойылған доптарды сыйға тарту етті.
«Қайсар» футбол клубының ойыншысы Елдос Ахметов «Мен сіздердей кезімде космонавт болғым келді, бірақ өскенде футболшы болдым. Армандар орындалу үшін алға үлкен мақсат қою керек. Мақсатқа жету үшін тынымсыз еңбек керек. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы мен республикалық акцияға орай ұйымдастырылған салауаттылықты насихаттайтын шарада баршаңызға жеңіс тілеймін», деді.
Сайыс басталмас бұрын волонтерлер мен балалар үйінің тәрбиеленушілері флешмоб ұйымдастырды. Қыздар мен жігіттер өзара топтасып, би сайысына түсті.
Жасөспірімдерді спортқа баулу арқылы салауатты өмір салтына деген ынтасын арттыру, рухани даму және жақындарына құрмет көрсету, елде спорттық ортаны дамытуды көздеген шарада балалар ауылының тәрбиеленушілері көңілді спорттың бірнеше бағыты бойынша жарысқа түсті.
Белсенділік танытып, оқ бойы озып шыққан мықтыларға диплом мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
9 Шілде, 17:11