Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Тамыз, 2020

700

Қызылорда: Депутат Н.Жұмаділдаева оқу жылына дайындық барысымен танысты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жұмаділдаева Наталья Васильевна Қызылорда қаласында іс-сапармен болып, жалпы білім беру мекемелерінің жөндеу жұмыстары және оқу жылына дайындық барысымен танысты.

Білім ордалары «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында жөндеуден өткізілуде. Бағдарлама аясында Қызылорда қаласында 4 мектеп, 2 балабақша жөнделуде. Одан бөлек, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Н. Махамбетов ауылындағы №143 мектепте, халықаралық гранттар негізінде қала орталығындағы №1мектеп-гимназия, №4 ІТ мектеп-лицей және №176 орта мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Ең алдымен депутат қала орталығындағы Ж. Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің жөндеу жұмыстарымен танысты. 1942 оқушы оқитын білім ордасын жөндеуге 211 130,0 мың тг. көлемінде қаржы бөлінген.

Келесі кезекте, С. Торайғыров көшесі бойындағы Ж. Маханбетов атындағы №43 орта мектеп Жөндеуге 46767,192 мың тг. қаралып, мектеп фасадын бояу, терезелері, ішкі қабырғалары мен едендері және есіктері ауысады

Тізімдегі келесі мектеп - Н. Ахмадеева атындағы №112 мектеп 1952 жылы салынған. 751 оқушы білім алып отырған мектепті жөндеуге 49503,108 мың тг. бөлініп, мектеп фасады, шатыры, электр желісі, ішкі қабырғалары мен едендері және есіктері ауысады.

Одан кейін, Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектепке барып, мектептің жөндеу жұмыстары және оқу жылына жоспарымен танысты. Мектепте 1587 оқушы білім алуда. Мектеп терезелері, ішкі қабырғалары мен едендері және есіктері, сыртқы қоршау ауысады бұл мақсатта 82447,6 мың тг. бөлінген.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жөнделуден өтіп жатқан Н. Махамбетов ауылындағы №143 мектепте депутат «Педагог мәртебесін» сақтау қажеттілігін атап, білім беру сапасы мен саладағы қазіргі бәсекелстік деңгейінің артқанын жеткізді.

Н. Жұмаділдаева мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын бақылап, кезекші сыныптарды енгізу, мектепте карантиндік талаптарды сақтау бойынша ұсынысын білдірді. Мектеп директорларының оқулықтар және білім берудің онлайн форматына ауысу мәселесі туралы ойын тыңдап, шешу жолдарын талқылады.


Кейін қарай