Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Маусым, 2021

362

Қызылорда қаласының Достық үйінде қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды

Сыр өңірінің Достық үйінде Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова қоғамдық қабылдау өткізді. Мұндағы мақсат – этносаралық қатынастар саласындағы мәселелерге қатысты талап-тілектерді тыңдап, тиісті деңгейде шешу.


Қоғамдық қабылдауға этномәдени бірлестік пен облыстық ҚХА құрылымдарының жетекшілері, мүшелері келді.

Алғашқы болып қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішев кеңестің құрамын, ережесін өзгертіп, кеңесті облыстық ішкі саясат басқармасының басты ресурсына айналдыру туралы ұсынысын білдірді. Өз кезегінде басқарма басшысы Қоғамдық келісім кеңесінің рөлін күшейту, оларды орталықтандыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтып өтті. Қырғыз этномәдени бірлестігінің жетекшісі Сақтапберген Жұбатқанов үй мәселесі бойынша қала әкімінің қабылдауына кіруге мүмкіндік жасалса деген өтінішін жеткізді.

Ал, татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галия Гизатуллина басқарма басшысын осы сенбі күні өтетін Сабантой мерекесіне шақырды. Сонымен бірге, үстіміздегі жылдың кыркүйек айында Татар этномәдени бірлестігінің 30 жылдығына арналған жоспарымен бөлісіп, бірқатар шешімін таппай жүрген мәселелерге тоқталып өтті.

Қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша тиісті тұлғаларға тапсырмалар жүктеліп, барлық айтылған ұсыныс, пікірлер ескерусіз қалмайтындығы айтылды.


Кейін қарай