Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Мамыр, 2020

840

Қызылорда: ҚХА мүшелері Рамазан айында игілікті істер жасауда

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы еріктілер орталығының белсенділері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы және кәріс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Елена Ким бастаған топ мүшелері «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалының мүшесі, тыл ардагері Ге Хак Римнің үйінде болып, қора жайын тазалауға көмектесті.


Ал, жеке кәсіпкер Елена Ан азық-түлікке толы себетін әкеліп, қарияға қамқорлығын танытты.

Тыл ардагері Ге Хак Рим өз кезегінде көмек қолын созып, игілікті іс жасаған еріктілер мен бірлестік мүшелеріне шынайы ризашылығын білдірді.


Өз кезегінде облыстық шешен этномәдени бірлестігінің белсендісі, жеке кәсіпкер Ризван Эльзуркаев Қасиетті Рамазан айында бірлестіктің атынан әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты аналар мен көпбалалы 6 отбасыға азық-түлік түрінде көмек көрсетті.


Ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрған айдағы сауапты ісі үшін шешен этномәдени бірлестігіне әлеуметтік көмек алған отбасы мүшелері өз ризашылықтарын білдірді.

Кейін қарай