Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Маусым, 2020

1285

Қызылорда: Медиация институтын насихаттау мақсатында ең үздік мақала мен репортажға байқау жарияланды

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы медиация институтын насихаттау бойынша ең үздік мақала мен репортажға байқау жарияланды.

Байқаудың басты мақсаты – облыста медиация институтын насихаттау, соттан тыс татуласу шараларының оңтайлы тұстарын халыққа жеткізу, елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту.

Байқауға республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, интернет-платформаларда және өзге де медиа-кеңістіктерде жарияланған ақпараттық жаңалықтар, телевизиялық бағдарламалар, мақалалар, репортаждар, бейнесюжеттер, сұхбаттар мен пост авторлары қатыса алады.

Байқау келесі тақырыптар бойынша өткізіледі:

- «Үздік мақала» байқауы БАҚ-та ақпараттық мақалалар, сұхбаттар мен посттар арасында жүргізіледі.

«Үздік репортаж» байқауы БАҚ-та ақпараттық жаңалықтар, репортаждар, сұхбаттар, бейнесюжеттер мен бейнеролик қолданылған посттар арасында жүргізіледі. Байқауда Қызылорда облысына, медиацияға қатысты бейнематериал қолданылуы міндетті.

Байқауға өтінімдер 2020 жылғы 10 маусым мен 10 тамыз аралығында мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған контент қабылданады. Байқауға өтінімдерді қабылдау 10 тамыз Қызылорда уақытымен сағат 17.00-де аяқталады.

Байқаудың жариялануы туралы ақпарат «Қызылорда. Ассамблея» Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында, «Сыр бірлігі» YouTube каналында, «Kyzylorda.assambleya» instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында орналастырады. Байқаудың қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етіледі.

«Үздік мақала» байқауы бойынша 1 орын үшін 30 000 тг., 2 орын үшін 20 000 тг., 3 орын үшін 10 000 тг. көлемінде қаржылай сыйлық қарастырылған.

«Үздік репортаж» байқауы бойынша 1 орын үшін 30 000 тг., 2 орын үшін 20 000 тг., 3 орын үшін 10 000 тг. көлемінде қаржылай сыйлық қарастырылған.

Байланыс телефондары:

E-mail: 70-03-18@mail.ru

Тел: 8 /7242/ 700125, 8 777 451 77 70

Кейін қарай