12 Ақпан, 2020
13381
Қызылорда облыстық ҚХА тұрғындарды 25 жылдағы жетістіктерімен таныстыруда
Қызылорданың Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Ашық есік күні өтті.
Ынтымақ ұясына келген барша қауым облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылда жеткен жетістіктерімен танысып, молынан ақпарат алды, дейді ұйымдастыршулыар.
Аймақ жұртшылығы облыстағы этномәдени бірлестік өкілдерінің жұмыстарымен, олардың мәдениеті, салт-дәстүрімен етене танысып, жұмыс бөлмелерін аралап көрді. Сонымен бірге Достық үйінің мұражайын, кітапхана, тіл кабинетіндегі сабақ жүру барысын, мәжіліс, концерт залдарын, би үйірмелерін, белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жұмысын зерделеді.
Медиация кабинетінде әлеуметтік, құқықтық шиеленістердің алдын алу, медиацияны дамытуға қатысты кеңестер алды. Қоғамдық келісім кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының негізгі бағыттары мен мазмұнды жұмыстары таныстырылды.
Облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаева кеңеске жүктеліп отырған міндеттің ауқымдылығын айтып, алдағы атқарылар жұмыстарға тоқталды.
«Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және мониторинг бөлімінің басшысы Әлібек Жаппасбаев өз кезегінде ашық есік күнінде жоба жетекшісімен бірге келген жас ғалым, №212 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Айзат Нұрболға корей орталығын таныстырды. Ол Сыр еліне Қиыр шығыстан жер аударылған кәріс этносының өкілдерінің кешегі мен бүгінін өз еңбегіне арқау етпекші.
Осы орайда жас ғалым «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңінде өз жобасын жоғары деңгейде қорғауы үшін «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалы жетекшісінің орынбасары Матвей Цойдан тың деректер мен мәліметтер алды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті