Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Тамыз, 2021

431

Қызылорда облысында құрамында мыңнан аса мүшесі бар 113 Аналар кеңесі жұмыс істейді

Қызылорда облыстық Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Жалпы облыс бойынша 113 Аналар кеңесі болса, олардың құрамында 1103 мүшесі бар. Облыстық Аналар кеңесінің төрайымы - Ахметова Рахима Қаржаубайқызы.

Облыстық Аналар кеңесі отбасы және ана институттарын нығайту арқылы облыстың қоғамдық келісімі мен бірлігін қамтамасыз етудегі ҚХА мақсаттарын іске асыруға жәрдемдесіп келеді.

Аналар кеңесі қазақстандық патриотизмді, толерантылықты және этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайтуда айтарлықтай жұмыстар атқарып келеді.

Облыстық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен жылы «Ақ орамал» ақпараттық-насихаттық жоба аясында облыстың барлық 7 ауданы мен Қызылорда, Байқоңыр қалаларында «Ақ орамал – ізеттіліктің, инабаттылықтың белгісі» атты кездесулер өткізілді (40 - тан астам шара өтті, оған 350 ге жуық әйелдер мен қыз-келіншектер қатысты). Жобаның мақсаты - бүгінгі қоғамдағы, отбасындағы ананың орнын, атқаратын рөлін анықтау, отбасының беделін көтеру, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау, ұрпақ тәрбиелеу міндетін әйелдерге ғана тән міндет деген көзқарасты өзгерту, әкенің беделін көтеру.

2020-2021 оқу жылы бойы қалалық мектептерде «Отбасы мектебі» жобасы өткізілді. Жоба аясында «Қызым саған айтам...», «Әкеге қарап ұл өсер», «Үйлену оңай, үй болу қиын» атты кездесулер; «Ақ орамал – анамның байрағы» тақырыбында эссе жазу сайыстары өтті. Жоба аясында өткен түрлі форматтағы шараларға қала мектептерінің оқушылары онлайн түрінде қатыстырылып, оларға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің педагогика кафедрасының ғалымдары отбасы тақырыбында дәріс өткізсе, үлгілі отбасыларының аналары бала тәрбиелеудегі тәжірибелерімен бөлісті, ал зиялы қауымның беделді өкілдері жастармен отбасы-неке құндылықтары туралы еркін пікір-алмасулар жүргізді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыстық ҚХА Аналар кеңесі, «Бойтұмар Ханым» қоғамдық қоры және облыстық іскер әйелдер қауымдастығының бастамасымен «Қыз – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты ақпараттық-насихаттық жобасы өткізілді.

1 маусым – Балалар күні мерекесіне орай «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік ойын-сауық кеші өтті. Кеш барысында мерекеге орай балалар арасында сурет салу сайысы, қызықты мультфильмдер көрсетілімі өткізілді . Балаларға тәттілер, балмұздақ таратылды.

Бұған қоса, Қызылорда қаласының Дағдарыс орталығындағы балаларға арналған қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында орталықтағы балалардың жеке гигиенасына арналған 2 себет түрлі тұрмыстық заттар апарылды (сабын, су сабын, кір жуғыш ұнтақ, жөргек, тарақ, сүлгілер, т.б.).

7 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай арнайы челендж өткізілді. Облыстық Аналар кеңесі челенджді Павлодар облысынан қабылдап алып, Қарағанды облысына жолдады. Челендж мақсаты ұлттық аспап – домбыраны ұлықтау, домбырашы балалар тобының домбырамен жыр-күйлер орындау.

29 маусым күні Достық үйінде облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастырумен «Көшбасшылық: Отбасы. Мансап.» атты жастармен кездесу өткізілді.

23 шілдеде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздіктің нәзік келбеті» ақпараттық-насихаттық фотожобасы бастау алды. Аналар кеңесінің төрайымы, жобаның авторы, ұйымдастырушысы Рахима Ахметованың айтуынша, бұл жобаның ерекшелігі – Сыр өңірінің әйелдерінің тәуелсіздіктің қалыптасуына, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен рөлін нақты мысалдар арқылы көрсету.

Жоба барысында әрбір қатысушы әйелдің заманауи технологиялармен жасалған фотопортреті дайындалады. Республикаға танымал, талантты фотограф Рамиль Магдеев қатысушылардың фотосессиясымен және фотопортреттерін жасау жұмыстарымен айналысады. Жоба - коммерциялық, бюджеттік немесе демеушілік қаражатты пайдаланбайды. Дегенмен, осы жобаға қатысқысы келетіндер жеткілікті.

Аталмыш фотожобаның қорытындысы ретінде тамыз айында «Тәуелсіздіктің нәзік келбеті» атты көшбасшы-әйелдердің форумын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Облыстағы Аналар кеңестерінің атқарған жұмыстары туралы ақпарат әлеуметтік желідегі Facebook, Instagram ресурстары арқылы Қызылорда Ассамблея парақшасына үнемі жарияланып келеді.

Кейін қарай