07 Тамыз, 2020
1447
Қызылорда: Рахима Қаржаубайқызы мерейлі 65 жасқа толды
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық саланы дамыту жолында еселі еңбек етіп жүрген жігерлі де жауапты жанның бірі Рахима Қаржаубайқызы мерейлі 65 жасқа толды. Қуанышты күні өңір басшысының құттықтауын оның орынбасары Серік Ахмет табыстады.
Облыс әкімінің орынбасары С.Ахмет: «Құрметті Рахима Қаржаубайқызы Сізді 65 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Әлемдегі өркениет құндылықтардың барлығы адам еңбегімен жасалады. Бүгінде бар күш жігеріңізбен мол тәжірибеңізді Сыр өңірінің үлесі үшін жұмсап келесіз. Аймақтағы қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту үшін қосқан елеулі үлесіңіз үшін алғысымды білдіремін», - деген өңір басшысының ақ тілегін жеткізді.
Өз кезегінде мерейтой иесі Р.Ахметова: «Біз аға ұрпақтың өкіліміз. Басшылыққа қолдау көрсетіп сүйеніш болу, жастарға ақылшы болып жол сілтеу біздің парызымыз. Өмір болса, денсаулық болса қоғамның дамуына әлі де қолдан келгенше үлесімді қосуға дайынмын. Қазіргі қиын қыстау кезеңде бізге бірлік қажет. Сол бірліктің арқасында барлық қиындықтарды жеңіп шығамыз деп ойлаймын. Бүгінгі көрсетілген құрмет мен үшін үлкен мәртебе», – деп өз ризашылығын білдірді.
Рахима Қаржаубайқызы 2003-2014 жылдар аралығында облыс әкімінің кеңесшісі, Қызылорда облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының төрайымы қызметін абыроймен атқарды.
Әйел бейнесін қалыптастыру, отбасы мен некенің құндылығын насихаттауға ерекше көңіл бөліп, ізгі істерге жол ашты. 2014 жылғы маусым мен 2015 жылғы тамыз айы аралығында облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры болды. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап мекеме директорының орынбасары болып қызмет етті.
Өнегелі өмір жолында әйел бейнесін қалыптастыру, отбасы мен некенің құндылығын насихаттауға ерекше көңіл бөліп, ізгі істерге жол ашты. Этносаралық саясатты өңірде іске асырылуына, мәдени-көпшілік шаралардың жоғары деңгейде өтуіне белсенді атсалысуда. Ортаға сыйлы, сөзі өтімді, көпшілікпен тілтабысқыш, халқының қызметінде жүрген жан. Сонымен бірге тәжірибелі ұйымдастырушы, өмірлік белсенді ұстанымы бар, сөзге шебер, ойлау жасампаздығы жоғары, әрбір қолға алған істің тетігін тауып, нақты нәтижесін көрсете білетін білікті маман.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Павлодар облысы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті