01 Наурыз, 2021
516
Қызылордада Алғыс айту күніне арналған брифинг өтті
Қызылорда қаласындағы өңірлік коммуникациялар орталығында 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған брифинг өтті.
Брифингте Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Әбілдаев мерекеге орай өткізілетін шараларға тоқталды.
- Жоспарға сәйкес 1 наурызда аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасын облыстық деңгейде іске қосу шарасы өтеді. «Қоғамдық келісім» КММ-і мен «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы бірлесіп, этномәдени бірлестіктердің қатысуымен өтетін «Татулық пен алғыс» атты мерекелік фильм-концерт әзірледі. Облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Облыстық, аудандық БАҚ беттерінде, әлеуметтік желілерде Алғыс айту күніне орай «Еліме алғыс айтамын» атты құттықтау айдарын ашу, сұхбаттар мен пікірлер жариялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. БАҚ-та және әлеуметтік желілерде «Шын жүректен» тақырыбында бейнероликтер әзірленіп жатса, «30 жылға - 30 тілек» тақырыбында әр сала үздіктерінің бейнеқұттықтаулары ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде #Тәуелсізелгемыңалғыс, #Меналғысайтамын, #Тәуелсіздікке30жыл хэштегтерімен посттар жарияланып жатыр. Сондай-ақ, Алғыс айту күніне арналған мәдени-бұқаралық шаралар облыстың барлық аудандары мен елді мекендерінде өткізіледі, - деді.
Республика көлемінде бастау алған «Қайырымдылық істер марафонын» Сыр өңірі 1 наурыз күні бастап, жыл көлемінде қарқынды түрде жүзеге асырмақ. Брифинг аясында «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков ел дамуына үлес қосып жүрген тұлғаларды дәріптеп, жалпыұлттық жобаның аймақта жүзеге асуына атсалысуға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
вчера, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
вчера, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты