Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Наурыз, 2022

268

Қызылордада қайырымдылық акциясы өтті

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйытқысымен «Балаларға бақытты балалық шақ сыйлайық» атты қайырымдылық акциясы өтті.

«Қамқорлық» дағдарыс орталығында өткен игі шараға облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Қызылорда қаласы 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі және «Adagio-show» ойын-сауық орталығы демеушілік жасады. Облыстық ассамблея жастары мен волонтерлары да игі іске атсалысты. Тағдыр тауқыметін тартқан аналар мен балаларға көңілді ойындар ұйымдастырылып, мерекелік сый тарту етілді.

«Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов: «Наурыз мейрімділік пен қамқорлық айы. Осы шапағатқа толы айда бар жақсылықты балаларға арнау біздің парызымыз» деді.

Орталық тәрбиеленушілеріне жылулық пен жайдары көңіл-күй сыйлау мақсатын көздеген акция алдағы уақытта өз жалғасын табады.

Кейін қарай