06 Желтоқсан, 2021
502
Қызылордада «Достықта жоқ шекара» фестивалі өтті
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен және «Славяне» қоғамдық-мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Достық үйінің концерт залында «Достықта жоқ шекара» фестивалі өтті.
Дәстүрлі фестивальге «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, әскери қызметкерлер мен қала тұрғындары қатысты.
Фестивальге келген қонақтар Достық Үйінің фойесінде дайындалған халықтық қолөнер бұйымдарының, фотосуреттер мен кітаптардың көрмесімен танысты. «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов құттықтау сөз сөйлеп, славян орталығының бірқатар белсенділеріне достық пен бірлікті сақтауға және нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыс етті.
Фестивальде «Сударушки» және «Надежда» вокалды топтары, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары достық, бірлік және бейбітшілік тақырыптарында халықтық және патриоттық әндер, билер мен өлеңдер орындады.
Түркістан қаласының славян орталығынан келген қонақтар Ирина мен Анастасия Чегановалар көңілді частушкаларды орындады. LED-экраннан Алматыдағы Ресей консулдығынан, сондай-ақ Белоруссияның жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттерден келген бейнеқұттықтаулар көрсетілді.
Сондай-ақ, облыстық этномәдени бірлестіктерінің өмірден өткен өкілдерін еске алуға арналған бейнеролик көрсетілді. Фестиваль ұжымдық орындаумен түсірілген «Надежда» әнінің бейнебаянымен аяқталды.
«Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының төрайымы Галина Щербакова фестивальдің барлық белсенді қатысушыларына алғысхаттар табыс етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
сегодня, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52