Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Қаңтар, 2021

698

Қызылордада Достық үйі директоры этномәдени бірлестік жетекшілерімен кездесті

Қызылордада «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков облыстағы 11 этномәдени бірлестік жетекшілерімен кездесті.

Кездесу барысында қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту, ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған бірнеше жобаларды жүзеге асыру және тағы басқа бірқатар мәселелер талқыланды.

Мекеме директоры Б. Мастеков қазақ елінің бүгінгі жеткен жетістігі – қоғамдағы мызғымас тұрақтылықтың нәтижесі екендігін, Тәуелсіздіктің 30 жылында еліміз тек берекеге бастау болар сан мың жолдан өткендігін атап өтті. Бүгінге дейін бағындырған белестер баянды болуы үшін бірлескен жұмыстарды қолға алып, жақсы нәтижеге қарай ұмытылатындығын жеткізді.

Өз кезегінде этномәдени бірлестіктің жетекшілері қазақ халқының ынтымақшылдығы негізінде бірлік пен келісімді нығайтуға дайын екендіктерін айтты.

Кейін қарай