30 Қараша, 2020
614
Қызылордада мектеп оқушыларына медиация насихатталды
Қызылорда қаласындағы №7 мектеп-лицей және Белкөл кентіндегі №189 орта мектеп ұстаздарымен медиацияны насихаттау бойынша кездесу өтті.
Кездесулерді облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, Медиация кабинетінің жетекшісі Қ. Ақылбеков жүргізіп, медиация институты жайлы жалпы мағлұматпен бөлісті.
Медиация институты, оның білім беру жүйесіне септігі жайлы ұстаздар қауымына түсіндіріліп, медиация тәсілін меңгеру пайдасы айтылды. Мектеп қабырғасынан бастап дауласудың зардабы түсіндіріліп, бітімге келудің пайдасы айтылды. Бұл өз кезегінде ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қоспақ.
Қызылорда қаласында енгізілген мектептік медиация институты өз тиімділігін көрсетуде. «Бітім» медиация орталығының бастамасымен жүргізілген бұл жоба Қызылорда қаласындағы мектеп психологтарына тегін негізде кәсіби медиация курстарынан өтуге мүмкіндік беріп, әр мектепте медиация кабинеттері ашылды. Нәтижесінде мектеп оқушылары, ұстаздар және ата-аналардың қатысуымен болатын жанжалдар саны азайып, даулы жағдайлардың барлығын бітімге келу арқылы шешу жолы бір ізге қойылды.
Кездесу соңында қатысушылар тақырып бойынша сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
вчера, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52