Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қазан, 2020

452

Қызылордада мектептік медиацияға байланысты онлайн семинар өтті

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен медиация институты жайлы түсіндіру шараларын жүргізу мақсатында онлайн семинар өткізілді. Семинарға аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, Арал және Қазалы аудандары мектептерінің басшылары мен психолог-мамандар қатысты.


Zoom қосымшасы арқылы өткізілген семинарды облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Қ. Ақылбеков ашып, семинар мақсаты мен алдағы жоспарларын ортаға салды. Семинарға спикер ретінде шақырылған «Бітім» медиация орталығының директоры, кәсіби медиаторлар жаттықтырушысы Л. Бақтыбаева медиация жайлы мәліметтермен бөлісіп, сотсыз татуласу және мектептерде медиация кабинетін ашу туралы сөз қозғады.

Бүгінгі күні мектептік медиация саласы Қызылорда қаласында қарқынды дамуда. Мектеп жасынан бастап өскелең ұрпақтың бойына адами құндылықтарды дарыту, дауларды бітімге келу арқылы шешу, тіпті болдырмаудың тәсілдерін үйрету - мектептік медиацияның негізгі бағыты. Осы орайда, оқушылар арасында өткізілетін түрлі сайыс, байқау, ойындар жас бітімгерлердің медиацияға деген қызығушылығын арттырды. Ал ұстаздар қауымы арасында дауларды медиаторлар арқылы шешуге деген ынта одан әрі жоғарлай түсуде.

Аталмыш семинар 22-23 қазан аралығында өткізіліп, Байқоңыр қаласы мен барлық аудандағы жалпы білім беру мекемелерін қамту жоспарлануда.

Кейін қарай