Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Желтоқсан, 2020

383

Қызылордада Тәуелсіздік күні қарсаңында «Бір шаңырақ астында» атты концерт өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылорда қаласының Достық үйінде Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астында» атты есеп беру концерті өтті. Концерт Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы мен Достық үйінің 5 жылдығы аясында өткізілді.

Мерекелік іс-шараға облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Бейбітшілік, бірлік пен келісімді нығайтуға үлес қосқан этномәдени бірлестіктердің белсенділері Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай медальдармен марапатталды.


Концерттік бағдарламада этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары бейбітшілік, достық және бірлік тақырыптарына арналған түрлі жанрдағы ән айтып, би биледі.


Кейін қарай