30 Қараша, 2020
126
Қызылордада Тұңғыш Президент күніне арналған республикалық конференция өтті
1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Қызылорда облысы әкімдігінің бастамасымен, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен Достық үйінде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
«Тұңғыш Президент және Тәуелсіз Қазақстан: Тарих. Бүгін. Болашақ» атты тақырыбындағы тағылымы мол шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева (онлайн), әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев, облыстық мәслихат хатшысы, академик Қылышбай Бисенов, Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Мыңжас, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, жоғары оқу орындарының басшылары мен ғалымдары, басқарма басшылары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, қала және аудандардағы зиялы қауым өкілдері қатысты.
Конференция модераторы, облыс әкімінің орынбасары С.Ахмет қатысушыларды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, конференция жұмысының маңыздылығын атап өтті. Серік Әбжәліұлы өзінің алғы сөзінде:
- Тұңғыш Президентіміздің тарихи тұлғасымен бірге айтылып, ажырағысыз ұғым ретінде бекіген Тәуелсіздік, Ядросыз қарусыз әлем, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Елорда қатарын «Сыр-Алаштың анасы» максимасы толықтыра түседі. Бүгінде бұл сөз жерлестеріміздің мәртебесі мен һәм рухын көтеретін ұранға айналды. Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен сақтардың, оғыздар мен қыпшақтардың, Ұлық Ұлыс пен Ақ Орданың және Қазақ хандығының туы тігіліп, 1925 жылы Қазақ Республикасының астанасы ретінде ұлтымыздың тарихи атауын қайтарған Сыр өңіріне қолдауы ерекше, - деп Тұңғыш Президентіміздің аймаққа деген ыстық ықыласын білдірді.
Конференцияға онлайн байланыс арқылы Нұр-Сұлтан қаласынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева қатысып, Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясын қалыптастырудағы жасампаз қызметін баяндап берді. Облыстық мәслихат хатшысы, академик Қылышбай Бисенов «Тәуелсіздік. Елбасы және Сыр өңірі», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев «Тұңғыш Президент күні – мемлекеттілікке құрмет күні», Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Мыңжас «Елбасы тәжірибесі: экзистенциализмнен гуманистік үдеріске ұмтылыс» тақырыптарында баяндамалар жасап, тұщымды ойларымен бөлісті.
Конференция жұмысы секциялық отырыстарда жалғасты. Бірінші секция «Елбасы және Қазақстан халқы Ассамблеясы: жасампаз 25 жыл», екінші секция «Тұңғыш Президент және Арал аймағы: экологиялық апаттан «Ғасыр жобасына», үшінші секция «Сыр Алаштың анасы: тарихи-мәдени сабақтастық» тақырыптарына арналды. Секциялық жұмыстардың нәтижесінде конференцияның қарары қабылданды.
Конференция аясында «Елбасы және Сыр елі» тарихи-деректі көрмесі ұйымдастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Семейде «Біздің керемет қаламыз» атты жастар арасында пікірсайыс ұйымдастырылды
-
Елордада «Қырық қыз» қаhармандық дастаны тақырыбында халықаралық конференция өтті
-
Түркістан облысы ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі сайланды
-
ШҚО ҚХА меценаттар клубының мүшесі, кәсіпкер Михаил Луневтің семинары өтті
-
Өскеменде медиация саласының арқасында айырылысу алдында тұрған 80% отбасы татуласқан
-
Елордада қарақалпақ ұлтының қаһармандық дастанына арналған конференция өткізілмек
22 Қаңтар, 20:45
Елордада қарақалпақ ұлтының қаһармандық дастанына арналған конференция өткізілмек
22 Қаңтар, 11:08
Өскемен қаласының Достық үйінде жас келіндерге арналған шеберлік сағаты өтті
20 Қаңтар, 11:29
Алматы облысының Достық үйі ертегілерді жазу бойынша аймақтық байқау бастайды
20 Қаңтар, 10:41
Жамбыл облысында мектеп медиациясы қызметін құру мәселелері талқыланды
22 Қаңтар, 20:38
Қарағанды қаласының Достық үйінде ақпараттық сайттың таныстырылымы өтті
САУАЛНАМА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің алғашқы республикалық форумы қашан өтті?
2011 жылдың 7 қыркүйегі 2013 жылдың 24 сәуірі 2014 жылдың 13 қарашасы
Ұқсас жаңалықтар
-
Семейде «Біздің керемет қаламыз» атты жастар арасында пікірсайыс ұйымдастырылды
-
Елордада «Қырық қыз» қаhармандық дастаны тақырыбында халықаралық конференция өтті
-
Түркістан облысы ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі сайланды
-
ШҚО ҚХА меценаттар клубының мүшесі, кәсіпкер Михаил Луневтің семинары өтті
-
Өскеменде медиация саласының арқасында айырылысу алдында тұрған 80% отбасы татуласқан
-
Елордада қарақалпақ ұлтының қаһармандық дастанына арналған конференция өткізілмек