Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Қазан, 2020

734

Қызылордада өткен брифингте маңызды жобалар сөз болды

Қызылорда өңірлік коммуникациялар орталығында облыстағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова және «Бойтұмар Ханым» қоғамдық қорының төрайымы, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Рахима Ахметова брифинг өткізді.

Қаламқас Каримова: «13 қазанда облыстық ауыл әйелдерінің форумы өтеді. Оған 100-ден аса ауыл әйелі қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасатын болады. Форумды өткізудегі негізгі мақсат облыстағы әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі дамыту»,- деді.

Ал Рахима Ахметова алдыңғы аптада бастау алған «Ақ орамал» жобасының маңыздылығына тоқталып өтті. «Аталмыш жоба облыстың бірнеше аудандарында жалғасын тапты. Сырласу форматында өткен отырыс қоғамдағы, отбасындағы ананың орны, ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығы төңірегінде өрбіді», -деді.

Брифингте жоба аясында алға қойған мақсат-міндеттер айтылып, «Ақ орамал» акциясы өтетіндігі туралы ақпар берілді. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі және «Бойтұмар Ханым» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, этнос өкілдерінің қатысуымен өтетін акцияда «Бауырсақ party» болып, облыстық балалар ауруханасының ауласына тал егу жоспарлануда.


Кейін қарай