Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Қараша, 2020

557

Қызылордада өткен кеңес отырысында онлайн білім алудың артықшылығы мен кемшілігі талқыланды

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Достық үйінде облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы болып өтті. Оған «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Асылбек Жұмабаев, облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, қала және аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары мен мүшелері қатысты.


Отырыста облыстық білім басқармасы басшысының оқу орындарының оnline режимінде білім беру жағдайы туралы ақпараты тыңдалды. Пандемияға байланысты жарияланған карантинге орай еліміз онлайн режимінде білім алу жүйесіне көшкені белгілі. Осы орайда бұл тәсіл бойынша білім алудың артықшылықтары мен тиімсіз тұстары айтылды. Онлайн оқуда оқушы қатарынан қалып қоямын деп еш қобалжымайды. Күрделі тақырыптарға қайта оралып немесе өзінің түсінбеген тұстарын бейне-дәрістен өз қалауымен бірнеше рет қайта қарап шығуға мүмкіндігі бар. Ал өзіне түсінуге жеңіл тақырыптарды үстірт шолып шықса да болады. Тиімсіздігі - виртуалды коммуникацияға түсуін талап етеді. Білім алушылардың барлығы мұндай қатысымға психологиялық тұрғыда дайын болмағаны анық. Келесі кедергі – балдардың әлеуметтік оқшаулануы. Әр бала жеке дара қашықтықтан оқитындықтан, ол өзінің оқшаулануын сезінеді. Бұл оның психологиялық жай-күйіне әсер етуі мүмкін, - дейді А.Қасымова және белең алған жағдайға байланысты бұл жүйемен бір-ақ күнде бетпе-бет келдігін алға тартты.

Шарада кеңес мүшелері тарапынан ұстаздардың біліктілігі мен жеке меншік мектептердің білім беру сапасы, олардың ұйымдастыру кезеңдері жайлы сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Сондай-ақ кеңестің белсенді мүшелеріне «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Азамат Мукеевтің атынан алғыс хаттар табысталды.

Кейін қарай