Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Қараша, 2021

337

Қызылордада жастар саясатын дамытуға бағытталған әлеуметтік жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «DOSTYK KZ» жастар саясатын дамытуға бағытталған әлеуметтік жобалар байқауы өткізілді.

Жобаның мақсаты – облыстағы жастар саясатын дамытуға бағытталған жаңа идеялар мен жобаларды қолдау, жастарды ізденуге және бос уақыттарын өткізудің тиімді, әрі белсенді формаларын іздеуге тарту мен ынталандыру. Сондай-ақ, Қызылорда облысында іске асырылатын үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды анықтау және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттің, азаматтық қоғамның және азаматтардың өздерінің күшін біріктіру, қоғамға тиімді әлеуметтік маңызы бар тың жобалардың жүзеге асырылуына қолдау көрсету.


Байқауға 10-нан астам өтінім келіп түсіп, ережеге сәйкес жобалар іріктеліп алынды. Жоба екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезең бойынша комиссия құрамы жабық есік тұрінде жобаларды қарап, қатысушыларды жекелей қабылдады. Қорытынды кезеңде «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Фархат Әбдібағдатұлы мен «Жаңғыру жолы» РЖҚ өңірлік штабының төрағасы Алина Новикова барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, жеңімпаздар мен қатысушыларға диплом мен кәдесыйлар табыстады.

Кейін қарай