14 Қыркүйек, 2021
351
Қызылордада жастар «Өз қалаңды таны» интеллектуалдық сайысына қатысты
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» жобасы аясында жастар арасында «Өз қалаңды таны» интеллекталдық сайысы өтті. Сайысқа «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, этнос жастары мен еріктілер қатысты.
Сайыс мақсаты – жастар арасында қаламыздағы маңызы зор тарихи және мәдени ескерткіштер мен орындарды, шаһарымыздың басты құндылықтарын кеңінен танытып, қала тарихына қатысты білімдерін жетілдіру.
Барлығы 4 топқа бөлінген қатысушыларға тарихи орындарға қатысты түрлі сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Тапсырмалар мен жасырылған сұрақтарды уақытында тапқан және сол тарихи тұлғаның немесе орынның толық мәліметін ұсынған топтар жүлделі орындарды иеленді. Интеллектуалдық сайыс Б. Шөкенов атындағы саябақтан бастау алып, Достық үйінде аяқталды.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес «Сыр Ана» тобы жүлделі І орын, «Тұран» тобы ІІ орын, «11 аймақ» тобы ІІІ орынды иеленді. Шара соңында облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Ф. Әбдібағдатұлы қатысушыларға алғысын білдіре отырып, жеңімпаздарды марапаттады. Жеңімпаздарға қаржылай сыйақылар мен дипломдар, барлық қатысушыларға алғысхаттар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
14 Шілде, 16:11
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
14 Шілде, 15:03
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды