03 Ақпан, 2023
80
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Өзбекстан Республикасынан келген делегациямен кездесті
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Өзбекстан Республикасының «Ватандошлар» қоғамдық қоры басқарма төрағасы Одилжон Саттаров бастаған Өзбекстан Республикасынан келген делегациямен кездесті.
Кездесу барысында тараптар әлеуметтік және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйінің кейбір аспектілерін қарастырды. Этносаралық келісімді, азаматтық бейбітшілікті нығайту, екі ел халықтарының дипломатиялық байланыстарын дамыту жөніндегі шараларды талқылады.
Өз кезегінде М.Әзілханов Өзбекстаннан келген делегацияны Ассамблеяның ағымдағы қызметімен таныстырып, сондай-ақ Ассамблея құрамына кіретін этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық қорлардың жұмысы туралы хабардар етті.
Атап өтсек 1992 жылғы 23 қарашада орнатылған екі бауырлас елдің дипломатиялық қатынастарына 30 жыл толды.
Осыған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы шет елдермен ұлтаралық қатынастар және достық байланыстар жөніндегі комитетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған болатын.
Бүгінде елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың арқасында барлық этностар өкілдерінің тілі мен мәдениетін сақтау және дамыту үшін барлық жағдай жасалуда.
Ұқсас жаңалықтар
-
ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ҚХА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІ БАС ҚОСТЫ
-
ҚХА кафедралары Алғыс айту күнін атап өтті
-
Сенаторлар және ҚХА өкілдері алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын талқылады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов ҚХА ҒСК жұмыс отырысын өткізді
-
Өзбекстан делегациясы елордалық Достық үйінде болды
-
Талғар - Іле аудандарындағы ҚХА құрылымдарының төрағаларымен кездесу
8 Наурыз, 11:04
Құрметті ханымдар!