11 Наурыз, 2020
1185
Ж.Түймебаев Ливан елшісін қабылдады
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Қазақстандағы Ливан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Жискар аль-Хуримен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттер арасындағы екіжақты әлеуметтік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері сөз болды.
Айта кету керек, Қазақстан мен Ливан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың негізі 1993 жылы 20 сәуірде құрылған болатын.
Жискар аль-Хури Қазақстандағы Ливан елшісі қызметіне 2018 жылдың мамыр айында тағайындалған.
Тараптар екі ел арасындағы саяси ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Ливан халықаралық қауымдастық шеңберінде Қазақстанға үнемі әріптестік қолдау білдіріп келеді.
Ливан Республикасында ішкі саяси тұрақсыздықтың орын алғаны жасырын емес. Бұл өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық және қаржылық дағдарысқа әкеліп соқтыруда.
Жансейіт Түймебаев бейбітсүйгіш Қазақстанның әлемдік қауымдастықта жоғары беделге ие болуына негіз салған қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін таныстырды.
Тараптар келіссөздерінің барысында екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту мақсатында бірлескен іс-шаралар жүргізу туралы мәселе көтерілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ