Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Желтоқсан, 2021

390

Жаңа 2022 жылмен құттықтау

Қымбатты отандастар!

Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа жыл – барлығына қуаныш, үй жайлылығы мен болашаққа үміт сыйлайтын ең жарқын және көптен күткен отбасылық мерекелердің бірі.

Өткен жыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді.

30 жыл – бұл қазақ мемлекеттілігін жаңғыртқан және ата-бабаларымыз армандаған еркіндікке қол жеткізген маңызды меже. Осы қас қағым ғана сәт жеңістер мен жетістіктерге толы тұтас бір дәуірді қамтыды.

Азаматтарымыздың даналығы мен ұйымшылдығының арқасында біз берекелі Қазақстан жерінде татулық пен келісімді сақтап, халықтың бірлігін нығайта алдық. Тәуелсіздік біздің алуан түрлілігіміздің күш пен дамудың, жаңа көзқарастар мен жаңа идеялардың қайнар көзіне айналғанын айқын көрсетті. Біздің санымыз арта түсті – жүректері бірге соққан 19 миллион қазақстандық бар. Біз пандемияның барлық қиындықтарын сәтті еңсердік және ынтымақ, өзара қолдау мен достық біздің мақтанышымызға айналды.

Құрметті қазақстандықтар!

Келе жатқан Жаңа жыл халқымыздың өміріндегі жаңа жетістіктер мен бақытты сәттерге толы болсын!

Әрбір қазақстандық отбасының жоспарлары мен армандары орындала берсін, бақуаттылық артып, шаңырақ нығая берсін. Бейбітшілік пен тыныштық, балалар мен жақындардың денсаулығы зор болып, әр үйге бақыт орнасын.

Отбасыларыңызға бейбітшілік пен өзара түсіністік тілейміз. Сіздердің үкілеген арман-тілектеріңіз орындалсын!

Қазақстан халқы Ассамблеясы


Кейін қарай