
21 Желтоқсан, 2016
901
Жаңа жыл қарсаңындағы қоңыс тойы!
Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі Базаровтар отбасына жаңа үй сатып алу үшін қажет соманы жинап, көмектесті.
Осындай қуанышты хабармен облыстық Достық үйінің қызметкерлері Қостанай ауданының Половниковка ауылына шықты. Бұл жерде 30 қазан күні электр сымдарының тұйықталуынан Базаровтар отбасының үйі өртеніп кеткен болатын. Үй отқа оранған кезде, үй иесі бала-шағасымен жолдастарының моншасында болатын, сондықтан өз мүліктерін құтқара алмады. Саманнан жасалған екі бөлмелі үй тез арада жанып кетті. Бірақ Базаровтарды ауылдық жерлестері қиын жағдайда қалдырмай, уақытша тұрғын үй ұсынды.
- Болған оқиға туралы біз мұғалімдер қауымынан естідік, осы көпбалалы, сондай-ақ бір қыз баланы балалар үйінен қамқорлыққа алған отбасының қайғылы оқиғасына көмектескіміз келді. Половниковкаға бірінші рет келіп, тамақ, киім, төсек жабдықтарын әкелгенімізде Базаровтардың көршісі Нағашыбай Ақтанов, Базаровтарға тек моральді қолдау емес, сондай-ақ баспана сатып алуға барынша көмек көрсетуді сұрады. Бұл жерде олардың туыстары жоқ, олар үш жыл бұрын Өзбекстаннан туған отаны Қазақстанға көшіп келген болатын. Кетер алдында біз бұл мәселені шешуге тырысамыз деп уәде берген болатынбыз. Мәселе тез шешіледі деп ойламадық. Қаражат жинау бойынша біздің өтінішімізге бірінші болып мен жұмыс істейтін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры Хусаин Хасенұлы Валиев және педагогикалық ұжым қолдау көрсетті. Базаров Ербол Ермаханұлы біздің әріптесіміз. Ол Половниковка орта мектебінің математика мұғалімі болып жұмыс істейді. Әріптесіміздің жанұясына қолдау көрсету мақсатында ЖОО педагогикалық ұжымы өздерінің бір күндік жалақысын олардыі шотына аударды. Өздерінің жәрдемін біздің студенттік кеңес те көрсетті. Барлығымыз қосылып 1,5 млн. теңге жинадық. Бұл ақша тек үйге ғана емес, сондай-ақ үй жиһаздарын сатып алуға жететін болды,- деді Аналар кеңесінің төрайымы Шушаник Саркисян айтты.
- Мен ешқашан таңғажайып оқиғаларға сенбейтінмін. Бірақ біздің арманымыз жаңа жыл қарсаңында орындалуда. Қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қолдау көрсеткен барлық жандарға біз үлкен алғысымызды білдіреміз, - деді қолында бір жасар Алланазар атты ұл баласын ұстап, Камила келіншегін және үш қызын бауырына басқан Ербол Базаров.
Жаңа үйге кірер алдында Шушаник Вагановна отбасы мен қонақжайлылықтың символы - киіз үйді Базаровтаға сыйға тартты.
Облыстық Достық үйінің өкілдері Аналар кеңесімен бірге балаларға кеңсе тауарлары, жаңа жылдық сыйлықтар, азық-түліктер, сондай-ақ №24 мектеп-гимназиясы оқушыларының өз қолымен жасаған суретті табыс етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
вчера, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді