05 Қаңтар, 2023
69
Жаңа жылдық ғажайыптар жалғасуда
Жаңа жыл уақыты жарқын оқиғаларға толы мезгіл. Осыған сәйкес айналадағы түрлі-түсті шамдармен безендірілген шыршалар да оған сән беріп, ғажайып шақты толықтырып тұрғандай. Мұндай уақытта барлық адамзатты бақытты күйде көргің келеді, әсіресе, балақайлардың балбұл жайнаған жүздерінен ерекше қуаныш көру – зор ғанибет. Бәлкім, сондықтан да болар, жаңа жылдық қайырымдылық іс-шараларын өткізу де Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктері үшін игілікті дәстүрге айналған.
Мәселен, 2023 жылғы 5 қаңтарда Тараз қаласында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне арналып дәстүрлі жаңа жылдық қайырымдылық мерекесі өтті. Оны Жамбыл облыстық «Ахыска» түрік этномәдени орталығы ҚБ ұйымдастырды.
Іс-шараға 80-нен астам кішкентай қатысушылар шақырылып, балалар уақыттарының бір бөлігін көтеріңкі жаңажылдық көңіл-күйде өткізуге арнады. Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен кішкентай қонақтар үшін жарқын және қызықты ойындарға толы бағдарлама дайындалды. Бұған қоса, оларға ертегілерден көз тартар қызықты қойылымдар ұсынылып, сиқыр мен ертегі сияқты таңғажайып көңілді әлемге еніп, әр бала бір сәтке өздерін сол әлемнің кейіпкері сезінуіне мүмкіндік алды. Сонымен қатар, мерекеге келгендер би билеп, ән айтып, өлең оқыды.
Мерекелік іс-шара мол дастарханға ұласып, қатысушылар дәмді тағамдар мен тәттілерден ауыз тиді.
Іс-шара соңында балаларға жаңа жылдық сыйлықтар таратылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы 10 жылдық жұмысын қорытындылады
-
Славяне орталығының жаңа жылдық шыршасы өтті
-
Жаңа 2023 жылмен құттықтаймыз!
-
Жаңа жылдық ертеңгілік
-
Қалалық достық үйінде жаңа жылдық шырша мерекесі өтті
-
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің білімгерлері «100 Жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы 10 жылдық жұмысын қорытындылады
-
Славяне орталығының жаңа жылдық шыршасы өтті
-
Жаңа 2023 жылмен құттықтаймыз!
-
Жаңа жылдық ертеңгілік
-
Қалалық достық үйінде жаңа жылдық шырша мерекесі өтті
-
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің білімгерлері «100 Жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесті