29 Желтоқсан, 2022
321
Жаңа жылдық ертеңгілік
Көңілді, позитивті, белсенді, тапқыр – мұның бәрін 2022 жылғы 6 маусымда есігін ашқан «ҚХА – KIDS» лагеріндегі этномәдени бірлестіктердің белсенді балалары туралы айтуға болады. Ата-аналарына қарап, балалар әрдайым іс-шаралардың ортасында болуға, іс-шараларға белсенді қатысуға қарсы емес. Өздерінің таланттарымен дүйім жұртты тәнті еткен дарынды балалар түрлі этностардың мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысады, костюмдерін киіп, қызықты нөмірлер дайындайды.
Осы жігерлі бастамашыл балалар үшін 28 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы ассамблеясы мерекелік шырша ұйымдастырды. Көңілді аниматорлар балалармен қызықты ойындар ойнап, конкурстар мен викториналар ұйымдастырды.
Әр бүлдіршін жыл сайын көңілді де қызықты өтетін осы бір Жаңа жылдық шырша мерекесі мен Аяз атадан алатын сыйлықтарын асыға күтетіні бәрімізге белгілі.
Балаларды шаттық пен қуанышқа бөлейтін, жүздеріне күлкі сыйлайтын ғажайып бұл мереке өте әсерлі, көңілді өтті. Сондай-ақ, ертегі жаңбыры да балаларға керемет эмоция сыйлады, оны жоғары немесе достарының иығына лақтыруға, тіпті шашқа да орауға болады. Бұл керемет атмосферада балалар мерекелік көңіл-күйге еніп, олардың көпшілігі өздерін керемет қабілетке ие, сиқырлыққа және арман-тілектердің орындалуына сенетін жарқын ертегі кейіпкерлері ретінде елестеткені байқалды.
Іс-шара соңында «ҚХА-KIDS» лагеріндегі балалар үшін мерекелік дастархан ұйымдастырылып, тәтті сыйлықтар берілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
-
Жаңа 2025 жыл құтты болсын!
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады