
30 Сәуір, 2017
886
Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім
Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблея үйінде «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы қорытындысын талқылауға арналған дөңгелек өтті.
Аталмыш іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясына қатысқан БҚО этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы активі және құрылымдық бөлімшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияны қорытындысын талқылауға бағытталған кездесуде этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы активі өз ойларын ортаға салып, бөлісті. БҚО атынан барған делегаттар саны 40 адамды құрады. – Біздер жылда қатысқан сессиядан ерекше әсермен, әрі қарай еліміздің бірлігі мен татулығы үшін жұмыс жасауға үлкен күш жігермен ораламыз. Кешегі өткен сессиядан мен көп нәрсеге көз жеткіздім. Дамыған отыз елдің қатарына ену үшін біздің мемлекет қарқынды дамып келеді, оның дәлелі бірлік пен ынтымақта өмір сүріп жатқан, ел болашағы үшін аянбай еңбек етіп жатқан сіз бен біз, - деді «Вайнах» шешен – ингуш қоғамдық бірлестігінің төрағасы Саратов Данильбек Алиевич. Дөңгелек үстелге қатысқан делегаттардың барлығы өз ойларын білдіріп, әсерлерімен бөлісіп барша қатысушыларды ыңталандырды.
– Санасы сергек, болашақты ойлайтын әр азаматтың елі үшін бар жігерімен іс – әрекет етіп, сөзді іске айналдыратын кезең екені барлығымызға мәлім. Сондықтан, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа ба.дар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы уақыт талабына нақты жауап беретін алты бағытын іске асыру және оның нәтижелі болуына бас назар аудару – бүгінгі біздің жұмысымыздың басты бағыттары болуы тиіс – деді БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Хамедоллаұлы Қапақов.
3 сағатқа созылған сессиядан Батысқазақстандықтар рухтанып, келелі ой, жаңа идея түйіп шықты. Сонымен қатар дөңгелек үстел барысында облыстық этномәдени бірлестіктер тарапынан белсенділік танытқан төрағалар мен өкілдерін және «Мейірімді көктем» акциясы аясында мұқтаж адамдарға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІККЕ ТОЛЫ 30 ЖЫЛ
Ұқсас жаңалықтар
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІККЕ ТОЛЫ 30 ЖЫЛ