Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Маусым, 2022

324

Жалған ақпаратқа қарсы иммунитетті қалыптастыру — инфекцияларға қарсы биологиялық иммунитетті қалыптастыру секілді маңызды

2022 жылдың 10-маусым күні республикалық Достық үйінде – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі – төрағаның орынбасары Марат Әзілханов этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, БАҚ өкілдерімен кездесті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қатысты.

Марат Әзілханов өз сөзінде Жаңа Қазақстанды құру жолында еліміздегі бірлік пен ынтымақтың маңыздылығын атап өтті.

Оның пікірінше, қазіргі қоғамдағы негізгі проблемалардың бірі - жалған ақпарат пен арандатушылық әрекеттер, қоғамның бір бөлігін әртүрлі стереотиптер мен теріс пікірлерге, жалған ақпаратқа бейімділігі болып табылады. Осыған байланысты, аталған үрдістерді еңсерудегі ең тиімді шара – азаматтардың бейбітшілік пен келісім атмосферасына зиянын келтіретін деструктивті ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау қабілеті болып табылады.


"Жалған ақпаратқа қарсы иммунитетті қалыптастыру — инфекцияларға қарсы биологиялық иммунитетті қалыптастыру секілді маңызды", - деп өз сөзін жалғастырды.

Сөз соңында Марат Әзілханов қатысушыларды ел азаматтарының патриоттық бастамаларын, Қазақстандағы тамыры терең этносаралық дәстүр диалогын БАҚ ғана емес, сонымен қатар, өнер мен шығармашылықта да белсенді жариялауға шақырды.

Өз кезегінде Мәлік Отарбаев, Жаңа және Әділ Қазақстан құрудың алғышарттарының бірі — Қазақ халқының бірлігін сақтау мен нығайту екендігін атап өтті. Мемлекет басшысының сөзіне сілтеме жасай отырып, ол Жаңа Қазақстан әділеттілік, сабақтастық пен прогресс сынды үш негізгі қағидатқа құрылып жатқандығына тоқталды.

Кездесу аясында Ауған мәдениеті мен дәстүрінің көрмесі таныстырылып, этнос өкілдері мен қазақ жазушыларының өзге тілдерге аударылған шығармалары мен әдеби туындыларының кітап көрмесі ұйымдастырылды.


Кейін қарай