
20 Қараша, 2017
945
Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құрамыз
16 қараша күні Достық үйінің конференц-залында Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптама тобының «Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құрамыз» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстелде Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында адами капитал сапасын арттыру және ЖОО мен колледж түлектерінің жұмыссыздық мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел жұмысына облыстық Ассамблеяның Ғылыми-сараптама тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ЖОО мен колледж оқытушылары және студенттері қатысты.
Модераторлық тізгінді «Болашақ» академиясының бірінші проректоры, облыстық ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, з.ғ.к., доцент Гүлнара Рысмағамбетова жүргізді. Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі, м.ғ.д., профессор Вилен Молотов – Лучанский Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпыға ортақ еңбек қоғамын құрудағы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының қызметі жайында сөз сөйледі.
Сондай-ақ, «Болашақ» академиясының доценті, п.ғ.к. Басира Өтемұратова «Ресурстік орталық жағдайында жалпыға ортақ еңбек қоғамының жас буынын қалыптастыру» бойынша, ҚММУ доценті, филос.ғ.к. Бахреддин Нұғман «Тарихи-философиялақ аспектідегі еңбек мәселесі» тақырыбында, «Қарағанды техника-құрылыс колледж» КММ методисі Әлия Әупенова «Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу барысында азаматтық құндылықтарды өзекті қылу» турасында және облыстық ҚХА жастарының үйлестіру кеңесінің төрағасы, «Дакия» румын мәдениеті қоғамы» ҚБ жастар қанатының жетекшісі Александр Урмашов «Этноағарту кешендерде қосымша білім беру арқылы еңбек мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында баяндамалар жасады.
Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының басшысы Ерлан Құсайын Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру бойынша этномәдени бірлестіктер жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, шараның екінші бөлімінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы талқыға салынды. Спикерлер мен қатысушылар заң жобасын мақұлдап, бірнеше ұсыныстар жасады.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшылығы
Дата события ассамблеи: 20.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
ҚР Президенттік орталығы ғимаратында «Адал адам – адам еңбек» жастар форумы өтті
-
29 қыркүйек - Еңбек күні!
-
ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ ҚХА ДЕПУТАТТАРЫ ҚҰРЫЛЫС ЗАУЫТЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
вчера, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
вчера, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
ҚР Президенттік орталығы ғимаратында «Адал адам – адам еңбек» жастар форумы өтті
-
29 қыркүйек - Еңбек күні!
-
ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ ҚХА ДЕПУТАТТАРЫ ҚҰРЫЛЫС ЗАУЫТЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ