27 Шілде, 2015
3656
Жалынға толы кавказ биі
Шілде айының соңғы жексенбісі күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Азери» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымының Ассамблея жылына арналған есептік концерті өтті.
Шілде айының соңғы жексенбісі күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Азери» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымының Ассамблея жылына арналған есептік концерті өтті. Концерттік бағдарламада «Азери» ансамблі өнерпаздарының қатысуымен әртүрлі хореографиялық және вокалдық нөмірлермен бірге, әзірбайжан мемлекетінің тарихы мен мәдениеті туралы викторина ойындары жүргізілді. Д. Аскеров жетекшілік ететін хореографиялық сыныптың үлкен және кіші топтарының жалынды лезгинка биін орындаудағы шеберліктері көрермендерді ерекше таңырқатты. Сонымен бірге шығармашылық ұжымның сұлу бишілері кавказ билерін орындауындағы әйел қозғалыс-қимылындағы әсемдікті, назды тамаша жеткізе білді.
Викториналық сұрақтар барысында көрермендер әзірбайжан халқының мәдениеті мен дәстүрлері бойынша таным аясын кеңейтумен бірге өз білімдерін де көрсетуге мүмкіндік алды. Бағдарлама барысында көрермендер арасынан шыққан еріктілер шығармашылық топтың мүшелерімен би байқауына қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Вокальдық бағдарламада А. Елеусізова «Сын Кавказа», «Черная ночь» әндерін шырқаса, «Азери» ансамблінің көркемдік жетекшісі Д. Аскеров әзірбайжан халқының дәстүрлі дауылпаз аспабында ойнап, көрермендердің ықыласына бөленді. Көрермен қауым шығармашылық ұжымның өте жақсы дайындықпен ұйымдастырған концертіне ризашылықтарын білдіріп, қошаметтерін аямады.
Іс-шара «ловзар» стилінде, концертке келген қонақтар кеш соңында шығармашылық ұжымның өнерпаздарымен бірге әзірбайжан халқының билерін билеп, ұжымдық сауық кеші түрінде аяқталды.
Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІККЕ ТОЛЫ 30 ЖЫЛ
-
Жүлдеге үш автокөлік: Қарқарада қазақи дәстүрге толы ауқымды шара өтті
-
Ресей мен Қазақстанның іздеу отрядтары Петропавлда бас қосты
-
Көкшетауда Батыр-қала Ленинградқа арнап фотокөрме ұйымдастырылды
-
Таразда қазақ әліпбиін латын қаріпінде көркем таңбалаудан оқыту семинары өтті
-
ШАХАН ЖОЛДАСБАЕВ: ӨМІРДІҢ БИІК ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРҒАН АЗАМАТ
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
Ұқсас жаңалықтар
-
БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІККЕ ТОЛЫ 30 ЖЫЛ
-
Жүлдеге үш автокөлік: Қарқарада қазақи дәстүрге толы ауқымды шара өтті
-
Ресей мен Қазақстанның іздеу отрядтары Петропавлда бас қосты
-
Көкшетауда Батыр-қала Ленинградқа арнап фотокөрме ұйымдастырылды
-
Таразда қазақ әліпбиін латын қаріпінде көркем таңбалаудан оқыту семинары өтті
-
ШАХАН ЖОЛДАСБАЕВ: ӨМІРДІҢ БИІК ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРҒАН АЗАМАТ