Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Маусым, 2015

993

Жалынды жігіт

«Оксана» этномәдени орталығында кең шалбар және әдемі жейде киген сымбатты жігіт - Асхат Дәрібаевті кездестіруге болады. Ол украиндердің арасында өзінің шығыстық келбетімен ерекшеленеді.

«Оксана» этномәдени орталығында кең шалбар және әдемі жейде киген сымбатты жігіт - Асхат Дәрібаевті кездестіруге болады. Ол украиндердің арасында өзінің шығыстық келбетімен ерекшеленеді.

Асхат байырғы ақтөбелік, облыстық сотта іс қағаздарын жүргізуші болып жұмыс істейді. «Оксана» орталығына мектепте оқыған кезінен барады.

— Менімен бірге өскен көршім Сергей, өзімен бірге украин жексенбілік мектебіне баруға ұсыныс жасады, - деп бөлісті Асхат. - Ол кезде «Оксана» ЭМБ металлургтер демалыс орталығында орналасқан еді: кабинет тар болғандықтан фойе мен коридорда дайындық жасайтынбыз.

2009 жылы Достық үйі салынған кезде, бізде кез келген кезде шұғылдануға болатын хореографиялық кабинет, сахна пайда болды.

ЭМБ арқылы Асхат бірнеше рет Украинаға барды – Ужгородта, Мукачевода, Чинадиевада, «Водограй» жастар лагерінде болып қайтты. Екінші рет Украинаға сапарында ақтөбеліктерге экскурсия жетекшісі болды.

— Мен – қазақпын, қазақ мектебін аяқтадым және мен өз ата-анама украин мәдениетімен қызығушылығымды қолдағандары үшін алғыс білдіремін. Ақтөбеде украиндік ЭКО мүшесі болғаныма мақтанамын, өйткені басқа елдегілер біздің достығымызға таңғалады.

«Оксана» ЭМБ-нің жексенбілік мектебінің мұғалімі Татьяна Нечитайло Асхатты былайша сипаттап берді:

— Бізге алғаш келгенде ұялшақ, мейірімді бала еді. Көз алдымызда өсіп, Достық үйінің құрметті мүшесі болды. Асхат қасықпен өнер көрсетушілер ансамблін басқарады, билейді, өлең айтады. Қазақ, украин, орыс тілдерін жетік меңгерген, Асхат - кез келген іс-шараның көркі, одан жақсы жүргізуші шығады.

—  Асхат тек украин мәдениетіне қызығады деп ойлайсыздар ма? Оның басқада ЭМБ-ларда достары өте көп, оны елде, әлемде болып жатқан нәрселер қызықтырады. Бірақ, «Оксана» мен Казақстанды  кез келген жерде таныстыру керек болса, одан лайықты адам жоқ.

Татьяна ВИНОГРАДОВА

Кейін қарай