09 Шілде, 2019
4301
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ҚХА МҮШЕЛЕРІ АҚЫРТАС КӨНЕ ҚАЛАШЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСЫП ҚАЙТТЫ
Ақыртас қаласы Тараз қаласының шығысында қырық шақырым жерде, Ақшолақ теміржол бекетінен алты шақырым оңтүстікте орналасқан.
Көне қаланың қалдықтары бүгінде тек еліміздегі жұртшылыққа ғана емес, алыс-жақын шет елден келетін саяхатшылардың көзайымына айналған құтты мекен.
Осынау тарихи жәдігерді көзбен көруге Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктері өкілдері де барып қайтты.
Аты тарихта алтын әріппен жазылар Ақыртас қаласының орналасқан аумағын аймақағы алты этномәдени бірлестіктен келген шеберлер мен шығармашыл жастар - барлығы отызға тарта адам тамашалап қайтты.
Мұндағы басты мақсат - Қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарын біріктіріп, ҚР халқының қоғамдық санасына енгізу жүйесін қалыптастыру.
Бұл жоспарланған «Мұрагер-сақтаушы-жасаушылар», «Мәдени даму», «Туған жер – Туған ел» атты үш жобаның негізінде жасалған бірінші экскурсия.
VII-VIII ғасырларға тән бірегей тас құрылысымен танысу саяхаты шеберлер мен жастар үшін облыс туралы тарихи білім көзі және өздерінің жеке шығармашылық жобаларын жасау үшін мықты шабыт болды. Оған себепте жоқ емес. Ел назарына ерекше ілінетін тарихи орынның қойнында жатқан құпия әлі де көп.
Қалашықты 130 жылдан астам уақыттан бері әлі зерттеп бітпеген. Ғалымдар бұл қаланың құрлысы туралы қандай да бір толық шешімге келе алмай отыр.
Ақыртасқа бағытталған саяхатты бастап барған Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ көрме залының меңгерушісі Вера Майкович өз сөзінде: «Бұл экрскурсия арқылы жалпы қазақ халқының тарихы, мәдениеті, көркем дәстүрлері туралы Қазақстан этностарының білім деңгейін көтеру және халық шығармашылығы шеберлерінің кәсіби және көркемдік деңгейін арттыруымыз қажет», — деп атап өтті.
Сондай-ақ, этностарды қазақ халқының құндылықтарын қабылдау және рухани игеру арқылы топтастыру, қолөнерін, мәдени және көркем дәстүрлерін жас ұрпақ бойына дарыту басты міндет екенін тілге тиек етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
вчера, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы