Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Қазан, 2021

394

Жамбыл облысында ҚХА-ның медиация институтын дамыту бойынша семинар-тренинг өтті

Бүгін, 14 қазанда Тараз қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтын дамыту бойынша республикалық семинар-тренинг өтті.

Семинар жұмысына мемлекеттік органдардың, ҚХА қоғамдық құрылымдарының, Медиация орталықтарының өкілдері, Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарының кәсіби және қоғамдық медиаторлары қатысты.


Іс-шара барысында спикерлер этномедиацияның ерекшеліктері мен этносаралық қақтығыстарды жіктеу туралы айтып берді. Бағдарламада Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтын одан әрі дамыту мен келіссөз жүргізуші этномедиаторларды даярлау мәселелері талқыланды.

Дауларды сотқа дейін реттеу мәселелерінде этномедиацияның артықшылықтарын түсіндіру және қоғамдық медиаторлар үшін тұрақты тренингтер өткізу Ассамблеяның қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өту қажет.

Қатысушылар жанжалды жағдайлардың алдын алу бойынша оқытудан өтіп, «Этносаралық қақтығыстарды реттеу тәсілдері» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылды. Семинар-тренингтер соңында қатысушыларға тиісті сертификаттар табысталды.

Кейін қарай