Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Қараша, 2020

813

Жамбылда отбасы беріктігін сақтауға арналған онлайн кеңес өткізілді

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық жастар үйінде аталған аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Жастар арасында ажырасудың алдын алу» тақырыбында тікелей эфир өтті.

Іс-шараның мақсаты - ажырасу үрдістерінің, отбасылық-неке қатынастарынан туындайтын даулардың санын азайту. Оған мекеменің заңгер-консультанты Шәріпбай Айбекғұланұлы, «Татуласу, татуластыру» орталығының төрағасы, ҚХА медиаторы Нұрлыкүл Амирова, «Жастар ресурстық орталығының» өкілдері, «Жамбыл ауданы жастары» атты әлеуметтік желідегі топты пайдаланушылар қатысты.

- «Әрбір отбасы - бұл біздің қоғамның ұясы! Және бұл қандай болады, әрқайсымызға байланысты. Отбасылық өмір үрдісінде әрқашан оң бағытта шешілуі керек белгілі бір қиындықтар туындайды, сондықтан ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қарым-қатынасты сақтауға, отбасылық бақытты сақтауға барынша күш салады. Неліктен жастар арасында ажырасу саны өсуде? Себептердің бірі - келіссөздер жүргізе алмау, бір-бірін тыңдамау және өзіндік бір ымыраға келе алмау» - деді Н.С.Амирова тікелей эфирде.

Консультациялар барысында мынадай мәселелер талқыланды: отбасына түсетін табыс деңгейі төмен болса да некені сақтау, жұмысқа орналасу мәселесі, ата-аналармен бірге өмір сүргісі келмеуі, құмар ойындарға үйір болуы, ата-аналардың жастардың өмір сүруіне араласуы, ерлі-зайыптылардың ата-аналарына құрметсіздігі тәрізді және т.б. жастар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толық кеңестер беріліп, сондай-ақ, жеке медиативтік тәжірибелерден мысалдар келтірілді.

Кейін қарай