28 Желтоқсан, 2016
975
«Жан шуағы» қайырымдылық мерекесі
Жаңа 2017 жылдың қарсаңында Орал қаласындағы Достық үйінде Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен «Этностар күні» аясында «Масис» армян этномәдени бірлестігінің мерекесі өтті.
«Масис» армян этномәдени бірлестігі облыстық мәслихаттың депутаты Аветик Амирханянның басшылығымен ақыл-ойы кеміс балаларға арналған мектеп-интернатының 33 оқушысына және отбасы үлгісіндегі балалар ауылының 15 тәрбиеленушісіне мереке ұйымдастырып, сыйлықтар үлестірді.
Іс-шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, патриоттық тақырыптағы әндер шырқалды.
«Масис» армян этномәдени бірлестігі көптеген жылдар бойы балаларға көмектесіп келеді. «Кейде барлық жеке істерді қоя тұрып, қайырымдылық жасауға асығасың. Бүгін де біз балалар езуіне күлкі сыйлау үшін келдік», - деді «Масис» армян этномәдени бірлестігінің басшысы Аветик Амирханян.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды