Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Сәуір, 2022

600

«Звонница» хоры 30 жылдығын атап өтті

Халық шығармашылығы халық рухын қалыптастырудың өзегі. Кез-келген ұлттың қымбатты қазынасы – оның ғасырлар бойы сақалған мәдениеті болмақ. 10 сәуірде Петропавл қаласының Достық үйінде «Звонница» атты орыс және казак әндері халық хорының 30 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті.

Толқынды желмен толықсып шыққан,

Орманның әні аумаған,

Біздің қордың қоңыраулы үні,

Естіген жанды баураған.


Пандемия салдарынан сүйікті әндерін көптен бері тыңдай алмай, сүйікті әншілерімен қауыша алмай әбден сусап, Достық үйіндегі хор концертіне ағылған халық ән өнерінің жанкүйерлерінің қарасы мол болғаны соншалық, үлкен залда ине шаншар орын болмады. Бұл реткі концерттік бағдарламада өздерінің ән қоржынындағы 100 ден аса танымал және белгісіз халық авторларының шығармаларынан таңдалған, 23 қазақ, орыс, казак, украин әндері орындалды. Светлана Пактың сүйемелдеуінде, әр сөз әр нотасымен адамның жүрек қылын тербетіп, жан дүниесін баурап алатын "Біздің Әкеміз" және "Құтты Мария" әндері шырқалды.


"Звонница" орыс және казак әндерінің хоры 1992 жылы құрылған, хордың ұйымдастырушысы, сонымен қатар, алғашқы көркемдік жетекшісі Ивашкин Владимир Михайлович. Ал 1995 жылдан бастап хор жетекшісі Подолян Виктор Иванович болды, осы жылдары хор "халықтық" мәртебесін алды және көптеген облыстық, республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдардың лауреаты атанып, Петропавл қаласының үздік музыкалық ұжымына айналды. Хор ұжымында әр түрлі жастағы, білімі мен әлеуметтік мәртебесі әр түрлі 30 адам жұмыс істейді. Өкінішке орай, екі жылдық пандемиядан кейін ұжымының саны 20-ға қысқарды. Қазіргі уақытта көркемдік жетекші және концертмейстер "Мәдениет майталманы" сыйлығының иегері, талантты музыкант, композитор, ақын Сергей Федорович Снурницын. Халық шығармашылығы халық рухын қалыптастырудың өзегі екендігі баршаға аян, ал егемен Қазақстанның ажырамас бөлігі болып табылатын кез келген ұлттың мәдениетін сақтау – ел игілігі болмақ.


Хордың көркемдік жетекшісі және концертмейстері С. В. Снурницын басты міндет – православиелік орыс және казак мәдениетін сақтау деп санайды. "Біз өз халқымызға деген жылулыққа, махаббатқа толы, азап шеккен және уақыт сынынан өткен әндерді үйренуге тырысамыз, біз фольклорлық материалдармен жұмыс істеуді ешқашан тоқтатпаймыз, сондықтан ескі, бұрыннан ұмытылған әндер қайта жаңғыртар болсақ әлі де өміршеңдікке толы" деп есептейді.

Бұл әндерде бабалардың даңқы бар,

Ізгілікті, күш-жігерлер шарқ ұрар.

Қарапайым, шын қүтқарар бағытым.

Крестпенен қасиетім артылар!

Хор шығармашылығы Светлана Кошеленко, Галина Корчукова, Валентина Семенова, Татьяна Морозова, Анатолий Кондрашкин, Татьяна Малыш, Галина Сотникова, Руслан Гуторова сынды солистердің дауыстарымен үйлесім тауып, толыға түсті. Көрермендер " Донды жағалаған Казак жасы", "Витрэ буйный", "Шолпан, Шолпан", "Сен қандай болдың", "Тропинка Кривенька ауылымен" әндерін және Казактардың Отанға және өмірге деген шексіз махаббатын жырлайтын басқа да әндерін зор қошеметпен қарсы алды. "Ән бізді біріктіреді. Біз өзімізді туыс, жақын жан сияқты сезінеміз, сонымен қатар, әнмен ғана біз бір Отанның балалары екенімізді жақсы түсінеміз"- дейді хор әншісі Надежда Яровая.


Соңғы 3 жыл ішінде талантты ақын және композитор Сергей Снурницын хордың музыкалық жетекшісі және концертмейстері болды. Оның шығармашылық қоржынында 20-дан астам авторлық әндер бар, олардың көпшілігі хор репертуарына енгізілген, сондықтан концертте Ұлы Жеңіске арналған "Көктемнің алғашқы жаңғырығы", "Еркін", "Казак адалдығы" атты әндер шырқалды. оның аспапта виртуозды ойнау – шығармашылықты табиғатының ажырамас бөлігі санайтын Музыкант үшін, әсерленгеннен бір жылап, бір күліп, шалқытып еліккен көрермендердің ризашылығы, таңдануы мен оң бағасы – табылмас асыл қазына. Биыл орыс және казак әндерінің хорына 30 жыл. «Халықтық» мәртебесіне ие болғанына 20 жыл. Ол көптеген республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты, барлық қалалық іс-шаралар мен мерекелердің қатысушысы. Мерейтой иелеріне әріптестері мынадай құттықтау арнады:

Қасиетті қоңырау сыңғырлап,

Біздің өлкені жырлады,

Христиандар мен мұсылмандар,

Ғажайып әнді тыңдады,

Баянның сазы жаныңды елтіп,

Төгілді көктің нұрлары.

Жоғары төмен шегі жоқ сазбен,

Ашылған сахна сырлары,

Көңілді сәтпен толықси бермек,

Біздің ауылдың думаны. –

Новониколь ауыдық хоры!

Хордың көркемдік жетекшісі Әлжан Бламбаев.

"Звонница-Наследие" казак үлгілі вокалдық-хореографиялық құрамының кіші құрамы қатысушылары (көркемдік жетекшісі және хореограф Татьяна Утежанова, кіші құрамның жетекшісі Олеся Тришина) өз құттықтауларымен көрермендер залына шықты және сахнаға көтерлід. Концерттік бағдарламаның жүргізушісі оларды былай таныстырды:

Достық үйінде балалар хоры,

Күлкілер қандай әдемі.

Қазақтың жаны өнермен егіз,

Жадырап тұрған жаз өңі.

Бабасы батыр, ұрпағы асыз,

Басына қонған бақ еді,

"Мұра-қоңырау" хорының,

Өнермен берген сәлемі.

Көрінер осы ұрпақтан,

Қазақтың байтақ әлемі.

Композициямен орындаған "О, шием менің" және "Әжетай, құймақ пісірші" әндері көрермендерді таң қалдырды. Біздің халықтық ән шығармашылығымыздың ғұмырын жалғастыратын осындай керемет мұрагерлері бар екендігі бәрімізді қуантады. "Звончаттарға" сәттілік тілейміз!

Мерейтойлық концертке Қазақстан Республикасының орыс, казак және славян ұйымдары үйлестіру кеңесінің төрағасы, казак атамандарының Дүниежүзілік Одағының Жоғарғы атаманы Захаров Юрий Филиппович қатысты. Ол өзінің құттықтау сөзінде халықтық мәдениетке қызмет етудің игі ісін жаңа табысқа жеткізетін талмас аталап, күш-қуат пен шығармашылық шабыт тілейтіндігін айтты.

Құрметті «Звонница» ұжымы: Сіздердің ән қоржындарыңыз Орыс пен Казактардың дана философиясын бейнелейтін, қиын-қыстау кезеңде достық пен ынтымақтастықты нығайту сияқты асыл мақсатқа қызмет ететін, адам жанын тербеп, рухани әлемін байытатын ерекше сұлулық формалары мен мазмұнынан тұратын әндер мен әуендерге толы. Өмір шындығынан алынған әуендер мен ән мәтіндері адам жанның нәзік сезімдерін оятып, олардың рухани жақындасуына жол ашады. Біздің шығармашылық кездесуімізге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Наталья Григорьевна Дементьева қатысты. Үнемі қолдау көрсетіп жүретін Ол өзінің құттықтау сөзінде «Звонница» ұжымына тың белестер мен шығамашылық жетістік тіледі.

Мерейтой концертінің дайындығына "Қазақстанның Орыс қауымы" қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Авдеев Николай Алексеевичтің бастамасымен, Уразбаева Динара Рыскуловна жетекшілік етіп отырған "Қоғамдық келісім" КММ "СҚО әкімі аппараты" қолдау көрсетті.

Мерейтой концертінің барлық қатысушылары генерал Колпаковский орденімен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Қазақстанның Орыс қауымы» РҚБ СҚФ

баспасөз хатшысы Надежда Рудикова

Кейін қарай