04 Шілде, 2019
4729
ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ КИНО САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары — ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев Түркістан облыстық «Оңтүстікфильм» КММ-нің директоры, «Сақ» киностудиясының бас режиссері, танымал аниматор Батырхан Дәуренбековпен және шығармашылық ұжымның бас әкімгері Нұрбақыт Байысбекпен кездесті.
Әңгіме барысында Жансейіт Қансейітұлы ҚХА-ның қоғамдағы саяси тұрақтылық пен этносаралық қарым-қатынасты нығайту барысындағы жұмыстарына тоқталып, елдік рух пен патриоттық сезім қалыптастыруда отандық кинематографияның рөлі туралы ой бөлісті.
Сондай-ақ көне тарихымыз бен рухани құндылықтарымызды түгендеп, салт-дәстүрлерімізді насихаттайтын, жастарды еңбекке баулып, ұлттық бірлікті арттыратын жобаларды көбейтудің маңыздылығына тоқталды.
Естеріңізге сала кетсек, 2017-2018 жылдар аралығында «Сақ» киностудиясы сол уақыттағы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырысы мен идеясының негізінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында бірнеше анимациялық фильмдер мен тарихи туындылардың түсірілімдерін жүзеге асырған болатын.
Атап айтқанда, «Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт», «Оқсыз оқиғасы», «Түркістан», «Ордабасы – бірлік туы» анимациялық фильмдері, «Төле би» тарихи фильмі, «Көне жетігеннің сыры» көркем фильмі.
Қазіргі сәтте 10 сериялы «Төле би» тарихи фильмі «Хабар» телеарнасынан көрсетілуде.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Павлодар облысы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
сегодня, 17:05