12 Қыркүйек, 2019
1248
Жансейіт Түймебаев: Президент Жолдауындағы 81 міндеттің бесеуі ҚХА-ға тиесілі
Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев этномәдени бірлестік жетекшілерімен, Ассамблея мүшелерімен кеңес өткізді.
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы тақырып өзегі етіп алынған дөңгелек үстел басында Жансейіт Қансейітұлы жиынға қатысушыларды Жолдау негізінде Ассамблея алдына қойылған міндеттермен таныстырып, оны жүзеге асыру жолдарын көп талқысына салды.
«Жақында ғана Жолдауды орындауға бағытталған Жалпыұлттық іс-шара жоспары қабылданды. Мұнда Мемлекет басшысы барлығы 81 міндет жүктеді. Соның ішінде Ассамблея бес тапсырмадан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға атсалысатын болады.
Бұл азаматтық қоғамды дамыту Тұжырымдамасы аясында үкіметтік емес ұйымдардың рөлін арттыру, қоғамда көппартиялылықты, саяси бәсекелестік пен пікір әруаландығын дамыту, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік тілдің этникааралық коммуникация тілі ретінде рөлін бекіту жөніндегі шараларды анықтау, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық, ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойларын және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуге байланысты дайындық жұмыстарының Жалпыреспубликалық жоспарын әзірлеп, бекіту секілді ауқымды шаралар», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Сондай-ақ, жиында Ассамблея Төрағасының орынбасары Юсуп Келигов, «Вайнах» қауымдастығының тең төрағасы Сұлтан Оздоев, «Қазақстандық орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Всеволод Лукашев, ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, профессор Мендыганым Шаймерденова Жолдауға қатысты өз ойларын ортаға салды.
Дөңгелек үстел басындағы келелі кездесуді қорытындылау кезінде Ж.Түймебаев Мемлекет басшысының билік пен қоғам арасында ашық диалог арқылы тұрақты дамушы мемлекет құру жөніндегі тапсырмасына барлық аймақтағы мемлекеттік мекемелер ғана емес, халықпен қоян-қолтық жұмыс жасайтын қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер де үн қосуы керек деп атап өтті.
Дөңгелек үстел басындағы келелі кездесуді қорытындылаған Ж.Түймебаев маңызы жоғары, мазмұны терең болған іс-шараның ұйымдастырушылары мен қатысушыларын Алғыс хатпен марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Акбаржон Исмаиловтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
«Қазақстандық әзербайжандықтар ассоциациясы» Республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы Әбілфас Хамедовтың 8-ші Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
Көкшетауда ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бұрымды қыз» байқауы өтті
-
Марат Әзілханов «Дүнгендердің республикалық этномәдени орталығы» РҚБ Жетісу облысы филиалының есептік-сайлау конференциясына қатысты
13 Наурыз, 14:58
Маңғыстау облысының Достық үйінде «Ақсақалдардың аталы сөзі» Ақсақалдар кеңесінің республикалық конференциясы өтті
14 Наурыз, 17:17
Абай облысында Наурызнаманың онкүндігі басталды
14 Наурыз, 12:27
Этномедиацияны дамыту мәселелері талқыланды
14 Наурыз, 10:28
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады
14 Наурыз, 10:41
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Амал күнімен құттықтады