23 Қазан, 2020
17379
«Жаныммен де, жүрегіммен де қазаққа айналғанмын»
ҚХА ұйымдастыруымен Алматы қаласы Достық үйінде өткен «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгресінде Қызылорда облыстық «Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы Светлана Крюгер кезекті сөз алып, өзін таныстырып өтті.
- Мен – Светлана Владимировна Крюгер. Ұлтым – неміс. Елбасы Сыр елін Алаштың анасына балаған қасиетті Қызылорда облысының қызымын. Қазақ жастарының тұңғыш көшбасшысы, атақты Ғани Мұратбаевтың дүниеге келген киелі Қазалы ауданының тумасымын.
Қалың қазақтың ортасында өстім. Сыр елінің ыстық күнінің нұрына шомылып, майлы топырағын кешіп, арығының суына қазақтың қара домалақ балаларымен ойнап жүріп, қалай мен қазақ тілін білмеймін?! Мені ешкім қазақ тілін үйрен деп қинаған жоқ. Қазақ тілін өзім үйрендім.
Қазақ тілін менің бойыма қазақтың ортасы сіңірді. Қазақ тілін білуді отбасымдағы тәрбиемен де байланыстырамын. Атам қазақ тілінде өте жақсы сөйлейтін, қазақтың салт-дәстүрлерін құрмет тұтатын, қазақ жолдастары көп еді. Атам мені қазақ балабақшасына берді, тәрбиеші апайлар мені «қазақтың сары қызы» деп атайтын.
Қазақ тілінде еркін сөйлеймін де, сауатты жазамын да, тіпті ойлаймын да.
Мектеп бітірген соң Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Журналистика» мамандығы бойынша білім алуға бел будым. Бірақ орыс тобының ашылмайтынын естіген кезімде, ойланбастан қазақ бөліміне құжаттарымды тапсырдым.
Отанымның мемлекеттік тілін толық меңгергенім мен үшін үлкен бақ! Осы күнге дейін қол жеткізген жетістіктерімнің барлығы мемлекеттік тілді білуімнің оң нәтижесі деп есептеймін! Менің өмірлік серігім де – қазақтың жігіті. Өйткені мен жаныммен де, жүрегіммен де қазаққа айналғанмын. Бүгінгі күні Жанерке мен Жансая есімді екі қаракөз қыздарым қазақ мектебінде білім алуда. Қазақ тілінде еркін сөйлегенімде маған, көк көз - сары шашты жанға, талай қазақтардың өздері таңырқай қарайды!
Ұлы Абай атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» айтқандай, мен мақтанышпен бұл өмірде өз орнымды таптым деп ауыз толтырып айта аламын.
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті