![](/upload/iblock/24d/24de38b767361160934b87efec340260.jpg)
23 Қазан, 2020
4739
«Жаныммен де, жүрегіммен де қазаққа айналғанмын»
ҚХА ұйымдастыруымен Алматы қаласы Достық үйінде өткен «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгресінде Қызылорда облыстық «Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы Светлана Крюгер кезекті сөз алып, өзін таныстырып өтті.
- Мен – Светлана Владимировна Крюгер. Ұлтым – неміс. Елбасы Сыр елін Алаштың анасына балаған қасиетті Қызылорда облысының қызымын. Қазақ жастарының тұңғыш көшбасшысы, атақты Ғани Мұратбаевтың дүниеге келген киелі Қазалы ауданының тумасымын.
Қалың қазақтың ортасында өстім. Сыр елінің ыстық күнінің нұрына шомылып, майлы топырағын кешіп, арығының суына қазақтың қара домалақ балаларымен ойнап жүріп, қалай мен қазақ тілін білмеймін?! Мені ешкім қазақ тілін үйрен деп қинаған жоқ. Қазақ тілін өзім үйрендім.
Қазақ тілін менің бойыма қазақтың ортасы сіңірді. Қазақ тілін білуді отбасымдағы тәрбиемен де байланыстырамын. Атам қазақ тілінде өте жақсы сөйлейтін, қазақтың салт-дәстүрлерін құрмет тұтатын, қазақ жолдастары көп еді. Атам мені қазақ балабақшасына берді, тәрбиеші апайлар мені «қазақтың сары қызы» деп атайтын.
Қазақ тілінде еркін сөйлеймін де, сауатты жазамын да, тіпті ойлаймын да.
Мектеп бітірген соң Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Журналистика» мамандығы бойынша білім алуға бел будым. Бірақ орыс тобының ашылмайтынын естіген кезімде, ойланбастан қазақ бөліміне құжаттарымды тапсырдым.
Отанымның мемлекеттік тілін толық меңгергенім мен үшін үлкен бақ! Осы күнге дейін қол жеткізген жетістіктерімнің барлығы мемлекеттік тілді білуімнің оң нәтижесі деп есептеймін! Менің өмірлік серігім де – қазақтың жігіті. Өйткені мен жаныммен де, жүрегіммен де қазаққа айналғанмын. Бүгінгі күні Жанерке мен Жансая есімді екі қаракөз қыздарым қазақ мектебінде білім алуда. Қазақ тілінде еркін сөйлегенімде маған, көк көз - сары шашты жанға, талай қазақтардың өздері таңырқай қарайды!
Ұлы Абай атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» айтқандай, мен мақтанышпен бұл өмірде өз орнымды таптым деп ауыз толтырып айта аламын.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» РҚБ-ның жоғары оқу орындарымен және студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарымен өзара іс-қимылын талқылау бойынша кеңес өтті
-
Сыртқы істер министрлігінде «Ассамблея жастары» халықаралық жұмысы жөнінде жиын өтті
-
Алматы облысында этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен дөңгелек үстел өтті
-
П.Кесоглу: «Президент марапаты – менің өнердегі қызметім үшін берілген баға»
-
МЕРКІДЕ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ
-
Павлодар қаласының 6679 гвардиялық әскери бөлімінде биылғы жылғы жаңа шақыру
24 Шілде, 19:18
Алматы облысында этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен дөңгелек үстел өтті
23 Шілде, 10:37
Петропавл қаласында Сабантуйдің мерекесі өтті
23 Шілде, 10:33
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» атты арнайы жобасын жүзеге асыруда
23 Шілде, 10:00
Абай облысында «Салауатты сана» республикалық жобасының тұсаукесері өтті
22 Шілде, 18:38
Қарағандыда «Қазақтану» лекторийі өтті