Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Маусым, 2021

476

Республикалық жас ғалымдардың конкурсы өтеді

Құрметті жас ғалымдар!

Сіздерді, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсына қатысуға шақырамыз!

Конкурстың мақсаты:

Өзгермелі әлем жағдайында Қазақстанның этносаясатын жетілдіру бойынша жаңа идеяларды іздеу.

Ғылыми қоғамдастықты Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін ілгерілетуге ықпал ететін зерттеу жұмыстарына тарту, отандық зерттеушілер мен жастардың ғылыми-сарапшылық әлеуетін тарту арқылы этносаяси және этноәлеуметтік ахуалды жетілдіру, қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған монографиялардың, оқу-әдістемелік құралдардың басылып шығарылуына қолдау көрсету.

Конкурсқа қатысушылар:

Конкурсқа 35 жасқа дейінгі жас зерттеушілер, ЖОО студенттері, магистранттар мен докторанттар (соның ішінде шетелде білім алушылар, сондай-ақ PhD дәрежесін иеленуге арналған диссертациясын соңғы үш жыл ішінде қорғағандар), оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері, Қазақстанның ғылыми-сарапшылық қауымдастығының өкілдері қатыса алады.

Әрбір үміткер тек бір өтінім бере алады. Бір үміткердің екі және одан көп өтінімде бірлескен авторлығына рұқсат етілмейді.

Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі:

Конкурс 2021 жылдың шілде айында өтеді, күнтізбелік жоспарға сәйкес 3 кезеңнен тұрады:

Конкурстың өңірлік кезеңі Қазақстан Республикасының барлық облыстарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өткізіледі.

Конкурсқа қатысу туралы өтінімдер 2021 жылғы шілде айының 7-не дейін өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ-не (Мекенжайы: 120000, Қызылорда қ., Ы. Жахаев к. 24 (Достық үйі), 2-каб. Тел.: 8 (7242) 70-01-23 жіберіледі.

Байқаудың өңірлік кезеңінің жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Сараптау комиссиясының талдауларының қорытындысы бойынша іріктелген өтінімдер байқаудың республикалық кезеңіне жіберіледі. Республикалық кезең – 2021 жылдың қыркүйек айында өтеді.

Жобалар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

Конкурс ережесінің сілтемесі:

https://cloud.mail.ru/public/YbWB/nZm6iq7zM

Кейін қарай