20 Сәуір, 2016
1167
«Жастар арасындағы қақтығыстарды болдырмау және шешу»
Сәуірдің 19 күні Халықаралық бизнес университетінде республикалық Достық үйінің медиация кабинетінің ұйымдастыруы және Алматы қаласы «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен «Жастар арасындағы қақтығыстарды болдырмау және шешу» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға Халықаралық бизнес университетінің 1 курс студенттері, Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің сарапшылары, Алматы қаласы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.
Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Мәуленов Н.О., ҚР Президенті жанындағы ғылыми-сараптама және «Қоғамдық келісім» РММ әдістемелік қызметінің халықаралық ынтымақтастық және медиация секторының аға сарапшысы Н.А.Альтекова семинар модераторлары болды.
Семинарды Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мамсуров Қ.В. ашты.
Семинарда «Жастар арасындағы қақтығыстарды болдырмау мен шешу» тақырыбында «Concord Education Center» оқыту орталығының директоры Г.А. Оразбаева баяндама жасады.
Семинар барысында қатысушыларға жалпы медиация туралы ақпарат, талас-тартысты реттеудің жаңа тәсілдері таныстырылды. Сондай-ақ, жастар арасындағы талас-тартыс пен дау-жанжалдарды реттеуде медиацияны қолдану жолдары айтылды.
Семинар барысында интерактивті тақта, студенттердің қатысуымен көрсетілген ситуациалық мысалдар, бейнефильм, оқу әдістемелік құралдар пайдаланылды. Соңында қатысушылар өз алғыстарын білдіріп, еліміздегі медиация заңының қолданылуын құптады.
При подведении итогов все участники выразили благодарность организаторам за интересный и познавательный семинар.
Н.Альтекова, ҚР Президенті жанындағы ғылыми-сараптама
және РММ «Қоғамдық келісім» әдістемелік
қызметінің халықаралық ынтымақтастық
және медиация секторының аға сарапшысы
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті